Мәдени-ағартушылық және білім беру қызметі

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының мәдени-ағартушылық қызметі оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге бағытталған ғылыми-білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Ғылыми-білім беру бағдарламасы үш жобадан тұрады: «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары», «Қазақстанның тарихы мен мәдениеті», «Бала және мәдениет» жобалары. Бағдарлама қазіргі заманның өзекті тақырыптарын ескере отырып құрылған, мемлекеттің қалыптасуы, конституциялық құрылыс, саяси-партиялық жүйені құрудағы Елбасының рөлін ашып көрсететін, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихының түрлі аспектілері бойынша 50-ден астам тақырыптар әзірленген.

Астана қ. Білім беру басқармасымен бірлесіп тұрақты Лекторий жүзеге асырылады – оқушылар, студенттер мен ұстаздарға арналған дәрістер, музей сабақтары, шебер-сыныптар, кездесулер, байқаулар өткізіледі.

«Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы
Н.Ә. Назарбаевтың саяси бастамалары» жобасы аясында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері», «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделі», «Қазақстанның ұлттық моделі: бірлік, келісім, диалог», «Бірегейлік пен ұлттық сана – жаңа түрдегі жаңғырту шарттары», «Ұлттық валюта – тенге», «Астана – Қазақстан Республикасының елордасы», «Қазақстан – ғарыш айлағы», «Саяси социология», «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы», «Еуразиялық рухани ортақтастық: тарих және кезеңдер», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» дәрістері, «Астанатану» оқу курсы өткізіледі.

«Қазақстанның тарихы мен мәдениеті» жобасы аясында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы», «Діни экстремизмнің жастар арасында таралуы: қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары», «Қазақстан және мұсылман әлемі», «Қазақстанның тарихи ғылымы: «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулер бағдарламасы аясындағы табыстар мен мәселелер» және т.б. дәрістер әзірленді.

«Бала және мәдениет» жобасы аясында балалар мерекелерін ұйымдастырылуы мен өткізілуі, Астана күні мен 1 қыркүйек – Білім күніне арналған тақырыптық іс-шаралардың өткізілуі балалар мен ересектердің бірлескен шығармашылығын, ынтымақтастықты қамтамасыз ету әдісі болып табылады.

Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу Кітапхана қызметінің ерекше бағыты болып табылады. Көптеген серіктестермен бірге «ерекше» балаларға арналған қайырымдылық акциялары, жыл сайынғы мерекелер, арт-терапевтикалық сессиялар, семинарлар мен шебер-сыныптар өткізіледі.

Кітапхана Музейі негізінде «Ақиқат» пікірталас клубы ашылды. Астанада «Ақиқат» пікірталас клубы дәстүрлі түрде Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогына арналған үш негізгі маусымдық турнир: күзгі, қыстық және көктемгі турнирлерді өткізеді.

Жас жеткіншектердің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру мәселесінің артып келе жатқан өзектілігі, оның теориялық және практикалық мәні  «Тұлғаны лидерлік қасиет пен кәсібилікке тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі» ғылыми жобасы аясында «Жастардың бойында лидерлік қасиетті дамыту жағдайлары»  және «Елбасытану» элективті курстарын таңдауды айқындап берді.

Астана қаласы білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған, арнайы бағдарлама бойынша мектеп мұражайларына барып – «зерттелмеген аралдармен» танысуға бағытталған мектепаралық музейаралық регата ұзақ мерзімді серіктестік жобасы Астана педагогтары мен Музей қызметкерлерінің жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Ойын-саяхаттың шарты бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі –өздерінің экспозициялары негізінде тақырыптық ойын маршруттарын әзірлеген, экипаждарға арналған байқау тапсырмаларын дайындаған мектеп музейлерін – «аралдарды» біріктіретін «архипелаг» болып саналады.

Қызмет мамандары елорда мектептері тарих пәні мұғалімдеріне және Елбасы кітапханасы қызметкерлеріне ғылыми-білім беру қызметін жүзеге асыруда әдістемелік көмек көрсетеді, ғылыми-білім беру іс-шараларының әдістемелік талқылауларын өткізеді. Кітапхана негізінде Астана қ. Білім беру басқармасымен бірлесіп біліктілік санатын беру үшін Астана қ. тарих пәні мұғалімдерінің аттестациясы бойынша эксперименталды алаңның жұмысы жүзеге асырылады.

Кітапхананың Астана қ. біртұтас білім беру-тәрбиелік кеңістігіне ықпалдасу бойынша үйлестіру жұмыстарын білім беру және тәрбие саласы мамандарын біріктіретін Педагогтар кеңесі жүзеге асырады.

Педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі секциялары жұмыстарының негізінде білім беру кеңістігі басымдықтарын талқылау бойынша үнқатысу алаңдары қалыптасты.

Елбасы кітапханасының ғылыми-білім беру қызметі тұтастай алғанда тәуелсіз мемлекет табыстарын белсенді насихаттау қағидаттарына және өскелең ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеуге негізделген.