Экскурсиялық жұмыс Кітапхананың мәдени-ағарту қызметінің негізгі бағыттарының бірі саналады. Кітапханада музейлік коммуникацияның барлық компоненттері: тұрақты және уақытша көрмелер, аудио-визуалды құралдар, тақырыптық экскурсиялар және т.б. белсенді түрде енгізілген.

Тұрақты экспозициялар мен уақытша көрмелерге келуші әртүрлі топтардың мәдени-ақпараттық әсерінің сапасына  және келушілердің мәдени-білім алу қажеттіліктерін анықтауға ерекше назар аударылады.

Экскурсия жүргізу әдістемесін жетілдіру мақсатында, келушілердің түрлі санаттарына: мектептің төменгі және жоғары сыныптарының оқушыларына, студенттерге, денсаулығының мүмкіндігі шектеулі  келушілер мен VIP-делегацияларға арналған экскурсиялардың әдістемелік нұсқаулықтары әзірленген. Келушілердің ұсыныстарын ескере отырып, тапсырыстарға сәйкес жекелеген экспозициялар, коллекциялардың түрлері мен көрмелер бойынша тақырыптық, көшпелі және сабақ-экскурсиялар өткізіледі.

Экскурсиялар екі ғимаратта өткізіледі (толығырақ «Кітапханаға келу тәртібі» айдарын қараңыз).

 

1. Шолу экскурсиялары Музей мен Кітапханаға алғаш рет келіп, оның тарихы мен коллекциялары жайлы жалпы мағлұмат алуға ниетті келушілерге арналған.  Шолу экскурсияларында берілетін мәліметтер ақпараттық сипатта және барлық экспозициялар мен залдарды қамтиды. Шолу экскурсиясы шамамен 50 минутқа созылады.     

2.  Тақырыптық экскурсиялар тұрақты және уақытша көрмелерге негізделе отырып өткізіледі және нақты тақырып немесе зерттеу мәселесіне арналады. Тақырыптық экскурсия тыңдаушылары экспозицияға жиі қойылмайтын және Кітапхана қорларында сақталатын экспонаттармен танысу бірегей мүмкіндігіне ие болады.

3. Сабақ-экскурсиялар экскурсанттардың белгілі бір топтарына арналған білім беру жұмысының нысаны ретінде қарастырылады. Сабақ-экскурсиялар Қазақстан тарихының жекелеген тақырыптарын айқындау мақсатында  қандай да бір экспонаттар, коллекциялар бойынша музейлік жинақтарды насихаттау аясында өткізіледі.

4. Экскурсияның дәстүрлі түрлерімен қатар, Кітапханада музейлік коммуникацияның жаңғырған түрі – көшпелі экскурсиялар әзірленіп, жүзеге асырылуда.

«Тұңғыш» экскурсиялық жобасының аясында өткізілетін «Атамекен», «Тарихи таңдау» көшпелі экскурсиялары - Елбасының өмірі және қызметімен таныстыра отырып,  оның жасампаздық-шығармашылық идеялары мен бастамаларын насихаттауға бағытталған. «Музей жинағы» музейтану бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелеріне негізделген «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының жинағындағы қару-жарақтар коллекциясы» көшпелі тақырыптық экскурсиялары көрнекілік үлгіде Елбасы Кітапханасының ең қызықты экспозициялары туралы баяндайды.

Көшпелі экскурсиялар – балабақша тәрбиеленушілерінен бастап, әскери мамандар және түрлі ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлеріне дейінгі тыңдаушыларға арналған  ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс. Аталмыш бағыттағы экскурсия Елбасы кітапханасының қорларында сақталатын түпнұсқа экспонаттармен, мұрағаттық материалдармен таныстырып қана қоймай, экскурсияға қатысушылардың есінде ерекше із қалдыратын, интерактивті форматта өтеді.