Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының экспозициялық-көрмелік қызметі екі ғимаратта жүзеге асырылады: Назарбаев орталығының ғимараты және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ғимараты (қазіргі кітапхана музейі).

Назарбаев орталығына кіргенде, келуші Норман Фостер мырзаның керемет туындысы - бірегей үлгідегі сәулет нысанының құшағына енеді. Бірінші қабатта «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» тақырыптық экспозициясы бар, онда спорттық трофейлердің және мемориалдық құндылықтардың бірегей коллекцияларының негізінде қазақстандық чемпиондардың және Олимпиада ойындары жүлдегерлерінің спорттық жетістіктерінің тарихы ұсынылған.

Екінші қабатта Интерактивті білім беру орталығымен бірге Елбасы кітапханасының музей қорының бірегей коллекциялары орналасқан.

Әлемнің қырықтан астам елінен берілген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жоғары мемлекеттік наградаларының жинағы маңызды орын алады. Үшінші қабат ашық кітап сақтау жүйелері, сондай-ақ Н.Ә.Назарбаевтың үй кітапханасының басты алаңы болып табылады.

Мұнда қазіргі Қазақстанның маңызды саяси жобаларына арналған екі көрме бар: «Н. Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» және                        « Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы орналасқан.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі ғимараты (қазіргі кітапхана музейі) Астана қаласының оң жағалауында Бейбітшілік көш., 11 үйде орналасқан. (1997-2004 жж.) Астанадағы мемлекет Басшысының алғашқы резиденциясы - Музей ғимараты мемориалдық болып табылады.  

Сол жылдардағы жұмыс күндерінің жағдайын мемлекет Басшысының кабинеті, қабылдау бөлмесі және мәжіліс залдары бейнелейді, олар алғашқы қалпында сақталған. Сонымен қатар кітапхана музейінде Н.Ә Назарбаевтың өмірі мен қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашып көрсететін бірегей экспонаттар ұсынылған. Музей ғимаратының төрт қабатында барлығы тұрақты негізде жұмыс істейтін 18 экспозиция, бірінші және үшінші қабаттарда уақытша үш көрме залдары бар.

Екі ғимаратта да өз қорларының негізінде  сондай-ақ жеке әріптестік жобалар аясында уақытша тақырыптық көрмелер өткізіліп отырады.