Стратегиялық бастамалары және тарихи сөздері

 

Елбасының қазақстандықтарға арналған Жолдаулары және сөйлеген сөздері – елімізді дамытудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың айқын бағыт-бағдары.   

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға, еліміздің бас қаласын Ақмолаға (қәзір - Нұр-Сұлтан) көшіруге, Президентті ұлықтау рәсіміндегі, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференцияларда сөйлеген сөздері еліміздің жарқын келешекке жетелейді.

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет тарихы үшін маңызды мәселелер бойынша сөйлеген сөздерімен танысуға болады. 

Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

Құрметті қазақстандықтар! Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда. Геосаяси дағдарыс пен жетекші державалардың санкциялық саясаты әлемдік экономиканы қалпына келтіруде қосымша кедергілер туындатуда. 

МАНИФЕСТ. «ӘЛЕМ. ХХІ ҒАСЫР»

Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Әлемге тағы да қатер төніп тұр және оның ауқымын ескермеуге болмайды. Және бұл қатер – жаһандық соғыс! Жер өркениеті, ғалымдардың есебі бойынша, 15 мыңнан астам соғысты, яғни әр жыл сайын 3 соғысты басынан өткерген. Оларда жүздеген миллион адам қаза тауып, Жер бетінен қалалар мен елдер жоғалған, мәдениеттер мен өркениеттер жойылған.   

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының 70-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзі   Құрметті Төраға мырза! Құрметті Бас хатшы мырза! Құрметті әріптестер! Ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті депутаттар! Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.   Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 14 желтоқсан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ  Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ     «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты     Мазмұны  

Қазақстан Президентінің Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзі

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ҚОҒАМЫ ЖОЛЫНДА Қадірлі Ел жастары! Білім жолындағы жас қырандар! Оқытушылар мен студенттер! Сіздермен кездесіп, ой бөлісетін дәстүрлі дәріс мен үшін үлкен қуаныш! Жаңа оқу жылы құтты болсын, берекелі, табысы мен жеңісі мол жыл болсын! Ықылым замандардан қалған «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі таңда тіптен айрықша. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман.

Беттер