Елбасы кітапханасының Музейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 1997–2004 жылдар аралығында еліміздің елордасын Алматыдан Астанаға ауыстырғаннан кейін қызмет еткен алғашқы Резиденциясының ғимаратында орналасқан.

Мемлекет басшысының бастапқы қалпында сақталған мәжіліс залы, қабылдау бөлмесі сол жылдардағы жұмыс күндерінің бейнесін көз алдыңа әкеледі.

Сондай-ақ Елбасы кітапханасының Музейінде Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі арқылы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін айшықтайтын бірегей жәдігерлер ұсынылған.

Келу үшін жазылу