«Музей жинағы» ғылыми-экспозициялық жобасы


Линия слева от текста

2016 жылдан бастап «Музей жинағы» ғылыми-экспозициялық жобасы аясында музейтану жұмысының нәтижелері бойынша көрмелер өткізіледі. Жоба музей қоры топтамаларының тақырыптық топтарын тереңдетіп зерделеуге, олардың тарихын насихаттауға және таныстыру тәсілдерінің эволюциясына бағытталған.

19.11.2020 | «Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі» көрмесі

Елбасы кітапханасының мұражай қорында ерекше жәдігерлер бар, олардың маңызы терең символизм, тарихи оқиғаларға қатысы және орындау ерекшелігімен тікелей байланысты. Сағат жасау өнерінің 70-ке жуық әрқилы және өте сирек кездесетін туындылар «Дипломатиялық сыйлықтар - адамзаттың мәдени мұрасының құрамдас бөлігі»  атты көрмеде көрсетілген. Жинақ негізін Н.Ә.Назарбаевқа шет мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен қорлар, шетелдік делегациялар, мемлекет басшысының жаһандық беделін мойындаған Қазақстан халқының сыйлықтары құрайды.  

10.12.2019 | «ЕЛБАСЫНЫҢ АСҚАҚ АРМАНЫ» КӨРМЕСІ: ЕЛОРДАМЫЗДЫҢ ТАРИХЫ

10 желтоқсанда Назарбаев орталығында 1997 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола болып жарияланғанына 22 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрмесі қойылды.