«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы


Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» ауқымды көшпелі көрме жобасы 2017 жылдан бастап жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде жоба Алматы (2017 ж.), Шымкент, Атырау, Ақтөбе (2018 ж.), Қызылорда, Тараз (2019 ж.) қалаларында болды. Елбасы кітапханасының архивтік, кітап және музей жинақтарындағы көрмесі жобаның басты оқиғасы болып табылады: ол халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны, ғылыми-тәжірибелік семинарды, семинар-тренингтерді, «ашық кеңістік» форматындағы интерактивті қарым-қатынасты, негізгі көрме бойынша шолу және тақырыптық экскурсияларды, сондай-ақ өңірлердің елді мекендеріне көшпелі экскурсияларды қамтиды.

05.09.2019 | ТАРАЗДА «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» ҚОР КӨРМЕСІНІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

5 қыркүйекте Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көшпелі көрме Елбасының архив, кітапхана, музей қорларындағы бірегей материалдарға негізделеді. Тараз қаласының қалың жұрты Н.Ә. Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік марапаттар коллекциясымен, мемлекет басшылары мен беделді жазушылардың қолтаңбасы бар тартулық басылымдар мен Елбасының шет тілде жарық көрген еңбектерімен  алғаш танысты.

08.04.2019 | «Н.НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің ашылу салтанаты өтті.  Көрменің ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, қала тұрғындары мен студент жастар қатысты. Көшпелі қор көрмесін Қырымбек Көшербаев құттықтау сөзімен ашты: