«Үкілі үміт» шығармашыл жастарды қолдау бойынша жобасы


Линия слева от текста

Елбасы кітапханасы Қазақстанның жас суретшілерінің жұмыстарын көрсету және көпшілікке насихаттау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң болып табылады. 2011 жылы шығармашыл жастарды қолдау бойынша «Үкілі үміт» жобасының негізі қаланды. 10 жыл ішінде жоба өзінің алғашқы жеке көрмелерін ұсына отырып, өз шығармашылығы туралы кеңінен жариялауға мүмкіндік алған көптеген алғаш бастаған авторлар үшін бастапқы алаңға айналды

04.07.2020 | «Жастар – ел тірегі» көрмесі

«Жастар – ел тірегі» көрмесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының елордалық суретшілер одағымен бірлесе 2019 жылдың 12 ақпанында жариялаған жас суретшілер арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысы. Көрменің негізгі міндеті – «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген Елбасымыздың жасампаз идеяларын практикалық іске асыру. Төрт ай ішінде кәсіби және әуесқой жас суретшілер «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбы бойынша өз шығармаларын сомдады. Олар Қазақстан тарихындағы аттары аңызға айналған тұлғалардың бейнелері мен аға буынның жетістіктерін мазмұнды шығармалары арқылы ашуға ұмтылды. 

18.03.2019 | БОТАГӨЗ ТӨЛЕШТІҢ «ШЕКСІЗ ӘЛЕМІ»

Елбасы кітапханасында суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Ботагөз Төлештің «Шексіз әлем» көрмесінің вернисажы өтті. Көрме «Үміт қанатында» атты шығармашыл жастарды қолдау жобасы аясында ұйымдастырылды. Көрменің ашылу салтанатындағы құттықтау сөзінде Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов: