«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: мемлекеттік басқару стратегиясы және көшбасшылық феномені»

№ 1 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев және ұлтаралық пен конфессияаралық әрекеттестік негізі ретіндегі жаңа қазақстандық патриотизм»

Қазақстанның тәуелсіздігі мен бейбіт саясаты тұрақтылық пен ұлттық бірліктің түбегейлі негізіне айналды. Республика барлық ТМД кеңістігінде шиеленіссіз ұлттық дамудың үлгісі болып, Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа бейбітшілік пен келісімді республиканың тәуелсіздік жылдарындағы басты табысы деп атауға мүмкіндік берді.

№ 2 жоба «Қазіргі кезеңдегі Қазақстан»

 Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуы дамып келе жатқан және жалғасын тапқан бірқатар үдерістерге бастау болды. Ол үдерістер мемлекет пен халық өмірінің түрлі жағына, оның ішінде, елдің өзекті мәселелерінің бірі болып табылатын әлеуметтік-саяси даму мәселесіне қозғау салады.

№ 3 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев: тұлға және тарих» А. Назарбаев: личность и история»

 Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны тәуелсіз ел тарихымен сабақтас. Елбасы жасампаз идеялардың бастамашысы, қоғам мен мемлекет үшін маңызды әрі күрделі үдерістердің модераторы болып табылады. Н. Ә. Назарбаевтың саяси қызметі отандық және шетелдік БАҚ-та кеңінен ашып көрсетіледі. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал еткен факторларды ғылыми зерттеу, өмірбаяндық дереккөздерді зерделеу әрі қарай зерттеу жұмыстарын жалғастыруды талап етеді.

№ 4 жоба «Тұлғаны лидерлік қасиет пен кәсібилікке тәрбиелеудегі әлеуметтік институттардың рөлі»

 Қазіргі уақытта жастар – қоғамның әлеуметтік-белсенді топтарының бірі, жаңа идеялардың және өмірлік күш-қуаттың бастамашысы болып табылады. Жастар еліміздің болашағы ғана емес, олар – еліміздің бүгіні.