«Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» ғылыми бағдарламасы

Қазіргі кезде Музейдің ғылыми-зерттеу жұмысы оның барлық бастамаларының заңды жалғасы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 2010-2012 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын» іске асыру аясында жүргізіледі, бұл музей жұмысының өзекті және қазіргі заманғы бағыттарын көрсетеді.

    Жаңа тұжырымдаманы әзірлеу 2005-2007 және 2007-2009 жылдарға арналған Даму тұжырымдамалары аясында іске асырылған қызметтің бағыттары мен ұзақ мерзімді басымдықтарын жүйелі әрі сабақтастықпен іске асыру қажеттілігімен байланысты болды. 
    Осы Тұжырымдаманы әзірлеу мен қабылдаудағы мақсат – Музей қызметінің барлық бағыттарын одан әрі жетілдіру мен жаңғырту, келешекте оны республика және таяу шетелдер музейлері ішіндегі жаңа тарихымыздың жетекші ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік орталықтарының бірі ретінде орнықтыру.  
    Тұжырымдамада негізгі кезеңдер мен бағыттар, оны іске асыру тетіктері бекітілген.

№1-жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және тәуелсіз мемлекеттілікті қалпына келтіру»

Аталған жобаның мақсаты жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның егемендігін нығайтудағы, тәуелсіз мемлекеттілігін қалпына келтіру мен оны орнықтырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттеп, көрсете білу болып табылады.

№2-жоба «Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі»

 Жобаның мақсаты конфессияаралық және ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесін, төзімді және үйлесімді қоғам моделін қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлін зерттеу болып табылады.    Жоба мынадай міндеттерді шешуге бағытталады: 1.    мәдениетаралық және дінаралық пікірлесім мен серіктестіктің қазақстандық тәжірибесін зерттеу; 2.    этностар арасындағы өзара қарым-қатынастың үйлесіміне бағытталыпн жүргізіліп отырған саясаттың тиімділігіне ықпал ететін негізгі факторларды анықтау.

№3-жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және елдің сыртқы саяси стратегиясын қалыптастыру»

    Аталған жобаның мақсаты Қазақстан Республикасының көп векторлы саясатының стратегиясын қалыптастырудағы Мемлекет басшысының рөлі мен оның сыртқы саяси беделінің нығаюын зерттеу мен көрсету болып табылады.