«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси ұстанымы, стратегиялық бастамалары мен шығармашылық мұрасын сарапшылар тәуелсіз ел қалыптасуы мен нығаюындағы әрі қарай жан-жақты зерделеуді қажет ететін маңызды дереккөз ретінде зерттелуде. 2007 жылдан бастап жүзеге асырылған «Тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары», «Тұңғыш Президент және тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы» атты екі ғылыми бағдарлама түбегейлі және қолданбалы зерттеулер жүйесін құруға тиіс болды. Бүгінгі уақытта Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Музей қызметінің бағытына тікелей қатысты қоғамдық-саяси тақырыптағы мәселелерді өзектілендіру тәжірибесі қалыптасты. 

    «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев: өмірбаяны, бастамалары және саяси ұстанымы» ғылыми бағдарламасы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің негізінде 2007 жылдан бастап жүзеге асырылатын зерттеулердің логикалық жалғасы болып табылады. 
      Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі 2013–2015 жылдарға есептелген. 
    Бағдарламаның мақсаты қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрғыдан жаңғырту үдерістерін, тәуелсіздік жылдарындағы республика дамуының заңдылықтары мен нәтижелерін жан-жақты зерделеу арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен тарихи рөлін одан әрі зерттеу болып табылады. 
      Бағдарлама 5 ғылыми жобадан тұрады.

№ 1 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және толеранттылықтың қазақстандық үлгісі»

    Тәуелсіздік жылдарында ұлтаралық бейбітшілік пен келісім Қазақстанның визиттік карточкасына, саяси брендіне айналды.     Толеранттылықтың бірегей үлгісін жасау ұлтаралық қатынастардың шиеленісті мәселелерін демократиялық жолмен шешуге мүмкіндік беретін Қазақстанның маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Қазақстан тұрғындарының полиэтникалық құрамы жағдайында ұлттық деңгейде азаматтық келісімді, ішкі тұрақтылықты сақтауға қол жеткізілуі мемлекет дамуының негізін қалады.

№ 2 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев және қазақстандық қоғамды әлеуметтік-саяси жаңғырту стратегиясы»

 Қазақстан елдің мемлекеттік, саяси және экономикалық құрылысындағы түбегейлі өзгерістерге негізделген, жалпықазақстандық құндылықтардың жаңа жүйесін қалыптастыру мен қоғамның объективті талаптарынан туындаған демократиялық, құқықтық мемлекетті нығайтудың жаңғыртушы жолымен нық әрі дәйекті жүріп келеді.

№ 3 жоба «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі әлемдегі жаһандық қауіп-қатерді еңсерудегі бастамалары

  Тәуелсіздік жылдарында республика халықаралық аренада маңызды табыстарға қол жеткізді, әлемдік қоғамдастықтың беделді әрі жауапты мүшесіне айналды, жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін шешуге бірдей қатысады және өзіндік үлесін қосуда.

№ 5 жоба «Жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытудағы әлеуметтік институттардың рөлі»

Жас ұрпақ – қоғамның органикалық бөлігі. Жастар қоғам өміріне, еңбек ортасына араласқандарымен әлеуметтік-экономикалық, идеялық-саяси, отбасылық-тұрмыстық үдерістерге толығымен ықпалдасып кете алмайды. Әлеуметтік институттарда қалыптасқан көшбасшылық талпыныс адамның басқа адамдармен қарым-қатынаста болу және тіл табысу тәжірибесін алу үдерісінде өзін-өзі танытуға, өз ойын білдіруге жағдай жасайды. Шығармашылық потенциалдың және күшті мінездің иесі болып табылатын көшбасшы адам әрдайым қоршаған орта өмірін өзгерте алатын қызықты істер, еліктіретін оқиғаларды іздеумен болады.