«Егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары»

  Ғылыми бағдарлама «Егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары».

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің саяси бастамалары» ғылыми бағдарламасы аясында баяндамалар мен мақалалар жинағы жарыққа шықты.

 

«Қазақстан Республикасы: саяси жаңғырту» баяндамалар мен мақалалар жинағы.

      Жинақ «Тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңғыруы» жобасы аясында жарыққа шықты.
      Жинақ материалдары қазақстандық қоғамда, саяси жүйенің эволюциясында, партиялар мен қоғамдық-саяси бірлестіктердің даму динамикасында өтіп жатқан саяси процестерді зерттеу мен талдауға, парламентаризмнің қалыптасу мәселелеріне, бұқаралық сананың өзгерісіне, қоғамдық өмірді ұйымдастырудағы, азаматтық қоғам институттарын дамытуда Қазақстандағы демократиялық дәстүрлердің дамуы мәселелеріне арналған.

«Стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» мақалалар мен баяндамалар жинағы».

      Жинақ «Стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің рөлі» ғылыми жобасы аясында жарыққа шықты.
      Авторлар Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен оның жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында орын алған Қазақстанда стратегиялық мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру, оның тиімділігі, экономиканы мемлекеттік реттеу, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму үрдістері мен келешегі мәселелеріне айрықша көңіл бөледі.

«Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы» баяндамалар мен мақалалар жинағы»

      Жинақ «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы» ғылыми жобасы аясында әзірленді. Жинаққа еліміздің белгілі саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, жетекші ғалымдарының тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріне арналған еңбектері енгізілген.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» ұжымдық монографиясы»

      Ұжымдық монография «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» ғылыми жобасын іске асыру аясында әзірленді. Оған белгілі саяси және мемлекеттік қайраткерлерінің, жетекші ғалымдарының Қазақстанның құқықтық демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуының негізгі мәселелерін қарастыратын еңбектері енгізілген.

 

1-жоба. «Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы».

Бұл жобаның мақсаты Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихындағы Н.Ә.Назарбаевтың рөлін зерттеу және оны түсіндіру болып табылады. Жобаның хронологиялық аясы – 1985 - 1991 жж.       Жоба төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:    1.  Тарихи, саясаттанушылық, экономикалық және әлеуметтанушылық зерттеулер негізінде тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу;     2.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасын құрудағы тарихи рөлін ашу;

2-жоба. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы».

    В круг исследовательских задач данного проекта входит изучение основных вопросов формирования Казахстана как правового демократического государства, политико-правовых предпосылок и предыстории принятия Конституции Республики Казахстан.       В рамках проекта ведется подготовка к изданию коллективной монографии «Республика Казахстан: формирование правового государства».

3-жоба. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің стратегиялық мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудағы рөлі».

Жобаның мақсаты – қоғамды өзгертудің жаңа проблемаларын, қайшылықтары мен келешегін, тиімді әлеуметтік-нарықтық шаруашылықты қалыптастыруды, ТМД елдерін қайта ықпалдастыруды, постиндустриалдық қоғамға өту жолында өркениеттердің өзара әрекетін теориялық тұрғыдан зерделеп қана қоймай, сонымен қатар басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынас жасаудың жаңа түрлерін қалыптастырған жаңа мемлекетті дамыту стратегиясын анықтап, іс жүзіне асыра білген ғалым әрі мемлекет қайраткері ретіндегі Н.Ә. Назарбаевтың қызметін зерттеу.

4-жоба. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі».

Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметік саладағы мемлекеттік саясатының ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған.       Бұл жобаның аясында 2007 жылдың 22 қарашасында «Нұр Отан» ХДП және «Ақ Орда» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып, Республика күніне арналған «Тарихтағы тұлғаның рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша «Тарихтағы тұлғаның рөлі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы жарық көрді. Жинақтың көлемі - 17 б.т., түрлі-түсті иллюстрациялары бар.

5-жоба. «Егемен Қазақстанның саяси жаңғыруы».

Жобаның мақсаты – Қазақстан қоғамындағы саяси процестерді, саяси жүйенің даму эволюциясын, партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің даму динамикасын, парламентаризмнің қалыптасу мәселелерін, бұқаралық сананың өзгеруін, қоғамдық өмірді ұйымдастыруда Қазақстандағы демократиялық дәстүрлердің дамуын, азаматтық қоғам құруды зерттеу және оған талдау жасау.       «Қазақстан Республикасы: саяси жаңғыру» тақырыбында мақалалар мен материалдар жинағы баспаға әзірленді.       Жоба аясында «Мемлекет және масс-медиа» атты ұжымдық монография шығару жоспарлануда.

6-жоба. «Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері».

Жобаның мақсаты – егемен мемлекеттің сыртқы саясатының қалыптасуын, Қазақстан Республикасының аймақтық және әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасу, ұлттық қауіпсіздік мәселелерін және осы жаһандық процестердегі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлін зерттеу. Жоба тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар саны - 27 (10 б.т.):   «Мирас» қоғамдық-саяси және ғылыми-көпшілік журналында – 16 мақала;   халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар материалдарының жинағында ақпараттық материалдар – 11.

7-жоба. «Әлем Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы».

Бұл жоба зерттейтін міндеттер аясына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметіне әлемдік және отандық қоғамдастықтың көзқарасын, ой-пікірін зерттеу жатады.      Жоба аясында Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы мемлекет және қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері, шетелдік БАҚ-тардағы жарияланымдар жинақтары мен дайджесттер дайындалуда.