«Тарихи» ғылыми-экспозициялық жобасы.


Линия слева от текста

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көрме қызметінің маңызды бағыттарының бірі «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасын жүзеге асыру болып табылады. Жобаның пайда болу тарихы 2011 жылғы 14 желтоқсанда мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні құрылған сәттен басталады. Жыл сайын жоба аясында еліміздің жаңа саяси тарихының түрлі қырлары ашылады, әрбір көрме белгілі бір тақырыптық бағыт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады.

27.11.2019 | «QAZAQSTAN» ОКЗ ТӨРІНДЕ «ТАРИХИ ТАҢДАУ» АТТЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ МЕН ҚОРЫНАН ЖАСАҚТАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

27 қарашада Тұңғыш Президент күніне арналған Елбасы кітапханасы іс-шараларының онкүндігі аясында «QAZAQSTAN» орталық концерт залында «Тарихи таңдау» көрмесі ашылды. Елбасы кітапханасы музей жинағының архив материалдары мен бірегей жәдігерлері 1991 жылдың негізгі оқиғаларынан сыр шертеді. Олар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің сайлау сәті мен мемлекет егемендігінің қалыптасу тарихын бейнелейді.