«Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс»

Көрменің материалдары спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, мемлекет Басшысының әлемдегі Олимпиада қозғалысын дамыту, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы әңгімелейді. Материалдардың үлкен кешені Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада Комитетінің құрылу тарихы мен қызметіне арналған. Экспозицияда әр жылдардағы олимпиадалық чемпиондардың спорттық кубоктары, сондай-ақ олардың жеке заттары ерекше орын алған.

«Президенттік экспозиция»

Экспозиция материалдары Елбасы Н.Ә.Назарбаев өмірбаянының негізгі кезеңдерін таныстырады. Электронды альбомдар бетін парақтасаңыз, сіз уақыттың тынысын сезінесіз, Нұрсұлтан Әбішұлының жақындарын, достарын, оның еңбектері мен саяси өмір жолдарының жарқын беттерін көре аласыз. Экспозицияның орталық бөлігінде Президенттің қызмет барысындағы мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер және бейне құжаттар интерактивті хроникасы бар.

Жоғары мемлекеттік наградалар топтамасы

Елбасы кітапханасының музейлік жинағының шынайы мақтанышы - 1997 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берілген әлемнің 40-тан астам елінің жоғары мемлекеттік наградаларының бірегей топтамасы. Экспозицияда ұсынылған әрбір марапаттың өзіндік нышаны және бай тарихы бар,  олардың әрқайсысы мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік саяси элита ретінде көптеген жетістіктерінің шынайы танылуының белгісі. Аталмыш коллекцияның ерекшелігі сол, ол үнемі толықтырылып отырады.

Интерактивті білім беру орталығы

Интерактивті білім беру орталығы - бұл Елбасы кітапханасының білім беру бағдарламаларының шеңберінде әр түрлі сабақтар мен дәрістердің өткізілетін экспозициялық алаңы. Орталықта «интерактивті үстелдер»: «Қазақстан патриоты», «Сөз құдыреті», «Еуразияның жүрегінде», «Өзгерістер қуаты», «Бастама және әріптестік», «Бейбітшілік және келісім» алты тақырыптық бөлімдерден тұрады.  

«Қазақстан Республикасының Президентіне табыс етілген сыйлықтар»

«Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары» экспозициясы түрлі тақырыптар бойынша жүйеленген дипломатиялық сыйлықтар жиынтығын ұсынады. Атап айтқанда, шахмат, қару, мүсін және картиналар жинақтары үлкен қызығушылық тудырады. Дипломатиялық сыйлықтар Қазақстанның сыртқы саясатының ерекшеліктерін, сондай-ақ донорлық елдің мәдениетін көрсетеді. Бұл экспозиция тұрақты түрде жаңартылады.  

«Н.Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы»

«Н.Назарбаев - жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» экспозициясы ядролық қарудан бас тарту және ядролық сынақтарға негізделген жалпыға бірдей қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының, оның Тұңғыш Президентінің жаһандық көзқарасын көрсетеді. Н.Ә. Назарбаев жаңа әлемдік архитектураны құру жөніндегі жаһандық бастамалардың авторы ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі басшылығының жақында сөйлеген сөзінде айқын көрінді.

«Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы

«Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы Елбасының Жеке архиві қорынан фото және бейнематериалдар арқылы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы халықаралық аренадағы маңызды оқиғалар мен үдерістерге  қатысқан сыртқы саяси қарым-қатынастардың көрінісін ұсынады.