Жаңалықтар

15.11.2019 | РУХАНИ НЕГІЗДЕРІМІЗГЕ ЗЕР САЛСАҚ

Осы жылдың 14 қарашасында Елбасы кітапханасының музейінде елордадағы №71 мектеп-лицейдің оқушыларының қатысуымен «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» атты сабақ өтті.

14.11.2019 | БҮГІН КЕШЕГІДЕН ДЕ ҮЗДІК БОЛ!

14 қараша күні «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг өз мәресіне жетті. Аталған семинар-тренингке Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.

14.11.2019 | ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

Бүгін, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының күні қарсаңында Қоғамдық тағам және қызмет колледжінің студенттері «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісіне қатысты.

12.11.2019 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН

Қазақтың сыршыл ақыны, жалынды жазушысы, мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қарашілік қыстағында дүниеге келген.

08.11.2019 | «ПІШІН МЕН БЕЙНЕ ҮНДЕСТІГІ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ҚОР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

8 қарашада Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған көрмелер топтамасы «Пішін мен бейне үндестігі» атты тақырыптық қор көрмесінің ашылуымен басталды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жапония, Әзірбайжан, Чехия елшіліктерінің, сондай-ақ Корей мәдениет орталығының өкілдері, университет студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Көрмені ашқан Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов көрменің маңыздылығына тоқталды.

07.11.2019 | ЮИЧИРО МИКАМИ: «МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ЖАПОНИЯҒА АШҚЫМ КЕЛЕДІ»

7 қарашада Елбасы кітапханасына  Жапониядан келген қонақ Юичиро Миками ат басын бұрды. Оны Қазақстанмен Алматыдағы оқыған жылдары мен отандастырымызбен бірлескен медициналық туризм саласындағы бизнес байланыстырады.  

07.11.2019 | ЖАСТАР ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ЖАБАЛ ЕРҒАЛИЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының V-VI шақырылымдарының депутаты Жабал Ерғалиевпен кездесу өтті.

04.11.2019 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КУБОГЫ ҮШІН ПІКІРТАЛАС ТУРНИРІ ӨТТІ

2 қарашада Елбасы кітапханасы, «Ақиқат» пікірсайыс клубы мен Нұр-Сұлтан қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен елордалық колледж студенттері арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көшпелі  кубогы үшін пікірталас турнирі өтті. 

Беттер