01.12.2008 | «Мұражай, мұрағат және кітапхана мекемелерінің ақпараттық ресурстары» тақырыбында семинар

2008 жылдың 1 желтоқсанында «Мұражай, мұрағат және кітапхана мекемелерінің ақпараттық ресурстары» тақырыбында семинар өтіп, оның аясында «АЖ-Музей» музей қорын есепке алу автоматтандырылған бағдарламасы мен микорграфиялау технологияларының тұсауы кесілді.

20.09.2008 | Астананың 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

2 шілдеде Мемлекеттік хатшы Қ.саудабаев Ақордада мемлекеттік органдардың бір топ басшыларына, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшы қызметкерлеріне және қоғам қайраткерлеріне «Астананың 10 жылдығы» медалін тапсырды. «Астананың 10 жылдығы» медалі Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан астанасының 10 жылдық мерейтойына байланысты бекітілді, бұл медальмен Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.

28.08.2008 | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне 4 жыл толды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 2004 жылы 28 тамызда ҚР Президентінің Жарлығымен құрылды. Музей кешенді ғылыми-зерттеу, ғылыми-білім беруші және мәдени орталық болып табылады. Алғашқы ашылған күнінен бастап Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық және мемлекеттік қызметі арқылы егемен Қазақстанның жетістіктерін сақтау мен жан-жақты көрсетуде маңызды тарихи-мәдени қызмет атқарады.