Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент Музейінде Тәуелсіздік Күні қарсаңында ерекше оқиға болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы «Халықаралық ынтымақтастық және достықты нығайту, елдегі мәдениет пен әлеуметтік-экономикалық дамуға қосқан үлесі, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін» Жарлығы бойынша директордың орынбасары К.Ақтаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2010 жылдың 19–23 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Туризм мен мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер, Петербор гуманитарлық университетінің Алматыдағы филиалының аға оқытушысы Б.Оразымбетованың қатысуымен экскурсиялық жұмыс бойынша әдістемелік семинар өтті.
2010 жылдың 15-26 наурызы аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Сарыарқа аудандық филиалы ауданның бастауыш партия ұйымдарының арасында конкурс өткізді.
2010 жылдың 29 наурызында конкурс қорытындысы жарияланды. «Сарыарқа-2010» сыйлығана ие болғандарды марапаттау рәсімі Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында өтті.
103 бастауыш партия ұйымдарының арасынан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бастауыш партия ұйымы «Адал бастауыш партия ұйымы» номинациясын жеңіп алды.
Жеңімпаздар туралы конкурс қорытындысы бойынша дайындалған бейне және фотоматериалдар республикалық конкурсқа қатысуға өтініш беру үшін партияның орталық аппаратына берілді.
1921 жылы 19 ақпанда Қызылқоға ауданы Тайсойған ауылында көрнекті ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Ұлы Отан соғысының ардагері, Президенттік...
2019 жылғы 12 ақпан күні, 16.00 сағатта Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.
Сіз мәтінді келесі мәтіннен анықтадыңыз:
Есепті аяқтау үшін «Жіберу үлгісін» түймешігін басыңыз. Пікір қосуыңызға болады.