21.12.2012 | «Туған жерім» ІХ Халықаралық балалар сурет байқауы жұмыстарының көрмесі

2012 жылдың 21 желтоқсанында ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Тәуелсіздік күніне арналған «Туған жерім» ІХ Халықаралық балалар сурет байқауы жұмыстарының көрмесі және байқауға қатысушылардың салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Көрме Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» атты жобасы аясында ұйымдастырылды. Биылғы байқауға Қазақстанның 15-ке жуық қалаларынан 6-16 жас аралығындағы балалардың жұмыстары қатысты. Ең үздік суреттердің авторлары мақтау қағаздары және естелік сыйлықтармен марапатталды.

12.12.2012 | Табыс ету рәсімі

    2012 ж. 11 желтоқсанында Алматы қ. мәдениет пен өнер саласындағы жас қазақстандық қайраткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жыл сайынғы сыйлығын жеңімпаздарға салтанатты түрде табыс ету рәсімі өткізілді.       «Жан жылуын сыйлайық» әлеуметтік жобасымен «Музей қызметі» номинациясы бойынша дипломмен және төсбелгімен қатар «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауреаты» атағына ие болған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің бірқатар қызметкерлері марапатталды:

05.12.2012 | Ерекше оқиға

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің ұжымында ерекше оқиға орын алды. Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 05.12.2012 ж. Жарлығымен Экспозицияларды және экскурсиялық қызметті ұйымдастыру орталығының жетекшісі Нұржамал Алдиярқызы Шырымбаева мемлекеттік және қоғамдық қызметте cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 

04.06.2012 | «Түрлі-түсті мозаика» балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өткізілді

   2012 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Түрлі-түсті мозаика» балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өткізілді. Бұл – «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі мен Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының бірлескен іс-шарасы.

03.05.2012 | «1 мамыр – достық мейрамы» атты байқау-фестивалі

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналады       2012 жылдың 3 мамырында ҚР Тұңғыш Президенті Музейіндегі бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер балалар студиясының тәрбиеленушілеріне арналған «1 мамыр – достық мейрамы» атты байқау-фестивалі өтті. Студия оқытушылары дайындаған қызықты бағдарлама барысында балалар республикада өмір сүретін халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы өз білімдерін ортаға салып, жаңа мәліметтер алды.