Ағымдағы жылдың 9 айлық нәтижесі бойынша Білім бағдарламасы аясында 77 іс-шара өткізілді: дәрістер, музейлік сабақтар, «Астана – арман қала», «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабақтары, шеберлік-сыныптары, ҚР Білім және ғылым министрі М. Әбеновпен кездесу сабақ, «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту», «Астанатану» элективті курстары, экскурсия-сабақтары, «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы, ашық есік күндері, қалалық және республикалық пікірталас турнирлері. Алғашқы рет Астана қ. мұғалімдері үшін «Музей педагогикасының негіздері» оқу курсы апробацияланды.