18.11.2014 ж Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін атап өту қарсаңында Елбасының Кітапханасы Білім және ғылым министрлігімен біріге отырып, «Әлемді өзгертетін идеялар» дөңгелек үстел өткізді. Шара ұйымдастырушылары online режимінде мұғалімдермен тәжірибе алмасты. Дөңгелек үстел жұмысына Астана, Алматы және облыс педагогтары, жалпы саны 5 мыңнан астам мұғалім қатысты.