13.12.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: қуатты Қазақстан – қуатты өңірлер

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында аймақтардың экономикалық серпілістері мен жетістіктері кеңінен паш етілді. Көрмелерде өңірлердің толайым табыстары, жетекші кәсіпорындардың қуаты жайлы материалдар ұсынылды. Келушілер үшін «Солтүстіктегі шуақ» және «Ақжайық, орның сенің ала бөтен» деректі фильмдері көрсетілді.

13.12.2016 | Рухани орданың тынысына Латвия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс куә болды

Бүгін Қазақстандағы Латвия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Юрийс Погребнякс Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Дипломатиялық миссияның өкілі рухани орданың тарихымен танысып, экспозицияларды аралады. Мәртебелі мейман заманауи интерактивті білім беру кешеніне асқан қызығушылық танытты. Оған Елбасының жоғары марапаттары ұсынылған 3D голограмма, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін анимациялық электронды альбом паш етілді.

12.12.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: Индустрияландыру

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған индустрияландыру саясаты кеңінен қаузалды. 6 жыл бұрын өмірге жолдама алған индустриялық-инновациялық бағдарлама дамуға жаңа серпін берді.

12.12.2016 | Елбасы кітапханасымен РФ Мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин танысты

Елімізге жұмыс сапарымен келген РФ Мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин бастаған делегация өкілдері Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Меймандар рухани орданың тарихымен танысып, экспозицияларды аралады. Олар заманауи интерактивті білім беру кешеніне асқан қызығушылық танытты. Көршілес мемлекеттің өкілдеріне Елбасының жоғары марапаттары ұсынылған 3D голограмма, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін анимациялық электронды альбом паш етілді.

12.12.2016 | «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат»

2016 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған жалпы білім беретін мекемелердің қоғамдық пәндер мұғалімдерінің арасындағы «Тәуелсіздік – ата-баба арманы, ұрпақтар үшін ақиқат» атты қалалық байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Байқауды ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағы.

11.12.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: әлеуметтік жаңғыру және Экспо-2017 жасыл технологиялары

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Елбасы кітапханасында еліміздің әлеуметтік жаңғыруына және соны жасыл технологияларды кәдеге жаратуға жол ашатын бастамалар кеңінен қаузалды.

11.12.2016 | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығынан Музей қорына заттарды тапсыру рәсімі өтті.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Кинологиялық орталығынан Музей қорына заттарды тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары: ҚР қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының орынбасары  Г.К. Амрин, Қазахстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің саясат бөлімінің басшысы Нингчуан Джу, «Генералдар кеңесі» РҚБ төрағасы Р.Е. Қайдаров және т.б. Бұл шара тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Кинологиялық орталықтың 15 жылдығы қарсаңында өткізілді.

10.12.2016 | «Қазақстан – халықаралық аренада»

2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қазақстан – халықаралық аренада» атты педагогтардың шығармашылық шеберлігінің үздік музейлік сабаққа қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі, Астана қ. Білім басқармасы, «Астана Дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы, Білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының бірлескен жобасы.

10.12.2016 | «Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің кілті «Мәңгілік елге» айналу» атты тарихи кешін өткізді

2016 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Астана қ. Білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге орай «Қазақстан халқының бірлігі – еліміздің кілті «Мәңгілік елге» айналу» атты тарихи кешін өткізді.    

09.12.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: Білім

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында еліміздің білім беру саласындағы жетістіктер, рухани орданың ағартушылық бастамалары кеңінен қаузалды. Оның негізінде кейінгі толқынды Елбасының бастамаларымен және идеяларымен таныстыру, жас буынның бойына отансүйгіштікті ұялату діттеліп отыр.

08.12.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: Нұрлы болашақ

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Болашақ» бағдарламасының тарихы кеңінен паш етілді. 1993 жылы 5 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен тағайындалған стипендия жастардың шетелде тегін білім алуына жол ашты. Бағдарлама экономиканың басымдыққа ие салаларына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған.

08.12.2016 | «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

08.12.2016 | Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде суретшілер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды

2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде суретшілер арасында өткізілген байқаудың қорытындысы жарияланды. Байқау Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналады. Байқау 7 ай бойы жалғасып, еліміздің кәсіби суретшілерінің 20 астам жұмыстарын жинады. Байқаудың шарты бойынша кескіндемеде Олимпизмнің идеологиясын айқындауға және қазақстандық спорттың 25 жылда жеткен жетістіктерін көрсету қажет болды.

07.12.2016 | Бақытбек Смағұл: Көше сыпырып, ақша таптық

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы кеңінен қаузалды. Оның әлеуметтік маңыздылығы жайлы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл әңгіме өрбітті. Тағылымды кездесуде әскери қызметкерлер мен жастар тоғысты. Қоғам қайраткері ашық аспан астындағы тату-тәтті өмірдің құндылығы жайлы әңгіме өрбітті.

Беттер