Жаңалықтар мұрағаты 2016

29.11.2016 | «Елін сүйген Елбасы» музейлік сабағы

2016 жылдың 29 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінде «Атамекен» экспозициясының жанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Елін сүйген Елбасы» музейлік сабағы өткізілді.  

28.11.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: ұлттық валюта

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында төл теңгеміз ұлықталды. Келушілердің назарына ұлттық валютаның тарихынан сыр шертетін мұрағат құжаттары паш етілді. Төл теңгені шығару тәуелсіз еліміз үшін сындарлы кезеңмен тұспа-тұс  келді. Оның барысы Елбасымыздың қатаң бақылауына алынды. 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Дәл сол күні таңғы сағат 8.00-ден ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау жұмыстары қолға алынған.

28.11.2016 | Елбасының кітапханасында Ел Тәуелсізідігінің 25 жылдығына арналған көрмелер ашылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –  Елбасының кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және ТМД құрылуының 25 жылдығына арналған мерекелік шаралар салтанатты түрде ашылды.

26.11.2016 | Елбасы кітапханасы -  әлеуметтік маңызды жобалардың алаңы

Елбасы кітапханасының «Кемел Ел» мәдени білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы жанынан құрылған «Кемел Ел» сарапшылық клубының кезекті отырысы өтті. Белсенді жастардың басқосуында қолға алынған 15 әлеуметтік маңызды жобаның барысы бағамдалды. «Таbys-club», «Менің болашағым», «Шапағат», «ЭКСПО-2017 еріктілеріне арналған хаттама мектебі», «QORLAN» тұлғаны дамыту мектебі іспетті бастамалар кейінгі толқын үшін өзін-өзі дамытудың кең мүмкіндіктер аясын ашады. Олардың бірі магистрант Аяжан Мұстафинаның ойынан туған.

26.11.2016 | Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы өткізілді

25 қарашада М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі: Н. Ә. Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты ІІ Жалпықалалық шығармашылық конкурсының қорытындысы өткізілді. Финалға 31 қатысушы өтті: конкурсқа алғаш рет елорданың колледж оқушылары мен музыка пәні мұғалімдері қатысты.

25.11.2016 | Елбасының еңбектерін арқау еткен әдістемелік әзірлемелердің үздік авторлары анықталды

Бүгін Елбасының кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» республикалық байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - Елбасының идеялары мен бастамаларын оқу-тәрбие жұмыстарында пайдаланудың инновациялық әдістерін анықтау. Оған Елбасының кітапханасы және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мұрындық болған.

25.11.2016 | Елбасының кітапханасында «Жаһандық бастамалар» галереясы ашылды

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Елбасының жаһандық бастамалары галереясы ашылды. Келушілердің назарына еуразиялық өңірдің және жер-жаһанның геосаяси кеңістігін дамытуға жаңа серпін берген Мемлекет басшысының стратегиялық идеялары паш етілді.

25.11.2016 | «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтті

2016 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тарихи таңдау» ғылыми-экспозициялық жобасының жалғасы болып табылатын «Тарихи таңдау. Стратегиялар» тақырыптық қор көрмесінің ашылуы өтті. Аталмыш көрме маңыздылығы жағынан мерейтойлық күндерді атап өтуге арналған Музейдің ең басты іс-шаралар топтамасы болып табылады.

24.11.2016 | Тоқтар Әубәкіров: Жауапкершілік – бақытты отбасының басты кілті

Некесін қиып, ант суын ішкен жұбайлар арасындағы сыйластық пен түсіністік – іргесі берік шаңырақтың кепілі. Өнегелі шаңырақтың құпиясымен тұңғыш ғарышкер-қазақ, Халық қаһарманы  Тоқтар Әубәкіров бөлісті.

24.11.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: мемлекеттік тіл

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында мемлекеттік тілге құрмет көрсетілді. Келушілердің назарына ана тіліміздің көсегесін көгертуге бағытталған тарихи шешімдер, қабылданған заңнамалық құжаттар паш етілді.

24.11.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: индустрияландыру игілігі

Равиль Мұзар – болашақ инженер-технолог. Белсенді жас индустрияландыру дәуірінде техникалық кәсіптерге сұраныс күшейетінін түйсінеді. Талап үдесінен шығу үшін білім көкжиегін кеңейтіп, кәсіби маман атану қажет. Студент қосымша кітаптарды парақтайды, семинарлар мен тренингтерге қатысады.

23.11.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: мемлекеттік шекара

Еліміздің мерейлі белесіне арналған «25 жұлдызды күн» аясындағы мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Мемлекеттік шекараны шегендеудің тарихы паш етілді. Келушілер Елбасының жеке қорындағы бірегей құжаттармен және мазмұнды бейнематериалдармен танысты. Ел шебін заңды түрде ресімдеу жұмыстары  азаттықтың ақ таңы атқан жылдардан қолға алынды. 1993 жылы «Мемлекеттік шекара туралы» заң қабылданды. Көрші мемлекеттермен талай жылға созылған күрделі және қиын келіссөздердің нәтижесі – Елбасының сындарлы саясатының жемісі.

22.11.2016 | Еліміздің үздік еріктілері анықталды

Ізгілік Латиф Парпиевтің жанын жадыратады. Онколог-радиолог үшін мұқтаж жандарға қолғабыс ету – өмірлік ұстаным. Ақ халатты абзал жан 2 жылдан бері еріктілікке бет бұрған. Оның белсенділігі мен риясыз пейілі тәнті етеді. Азаматтық жауапкершілігі жоғары жас күнделікті қызметімен қатар 3 қайырымдылық қордың басы-қасында жүр. Ол еліміздегі «28 ілмек» қайырымдылық клубының жұмысын үйлестіреді. Латиф көпшілікпен бірге өзі де мерзімінен ерте туған шақалақтарға қажетті киім тоқиды. Дәрігер нәрестелерді күту және массаж жасау бойынша шеберлік сыныптарын өткізуді дәстүрге айналдырған.

22.11.2016 | Тәуелсіздіктің 25 негізі: мемлекеттік рәміздер

Еліміздің мерейлі белесіне арналған мерекелік шаралар легі жалғасын табуда. Бүгін Елбасы кітапханасында Мемлекеттік рәміздер ұлықталды.  Бір күн бойы рухани орданың қызметкерлері мен меймандарына еліміздің туы, елтаңбасы және әнұраны тарихы паш етілді.

21.11.2016 | «Жол қауіпсіздігі» ұлттық тұжырымдамасының жобасы таныстырылды

Бүгін Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Басқосуда Парламент депутаттары, Бас прокуратураның, орталық мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тоғысты.

Беттер