21.11.2016 | Елбасы кітапханасында Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық белесіне арналған 25 мерейлі күндер басталды

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық мерейлі белесіне Елбасы кітапханасы да өзіндік үн қосуда. Бүгінгі күннен бастап рухани орда сындарлы жылдардың басты құндылықтары мен табыстарын паш етеді. Тәуелсіздік мейрамына дейін «Ұлы дала Елі: тәуелсіздіктің 25 негізі» арқау етіледі. Әрбір күн елдіктің арқауына айналған құндылықтарға арналмақ. Бүгін – тәуелсіздік пен тұрақтылықтың кепіліне айналған Ата Заңға құрмет көрсетілді.

18.11.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар» кемел келешекке қадам

Павлодарлық Алуа Жолдасбекова - әскери мектептің шәкірті. 11 сынып оқушысы 3 жылдан бері қатаң тәртіпке бағынады. Кіші сержант жанына жақын мамандықпен болашағын сабақтастырмақ. «Алтын белгіге» үміткер оқушы білімімен қатар спорттық дайындығын шыңдауда.  

18.11.2016 | Елбасы кітапханасын Ресейлік меймандар аралады

Елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей президенті басқармасының шет мемлекеттермен аймақаралық және мәдени байланыс бойынша басшысы Владимир Чернов бастаған делегация өкілдері Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Меймандар рухани орданың тарихымен танысып, экспозицияларды аралады. Олар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары мен идеяларын арқау еткен экспозицияларға асқан қызығушылық танытты. Көрші мемлекеттің өкілдеріне Елбасының жоғары марапаттары ұсынылған 3D голограмма, Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін анимациялық электронды альбом паш етілді.

17.11.2016 | Тарихтан сыр шертетін зергерлік туынды

Мемлекет басшысына тарту етілген сыйлықтардың қатары толықты. Қазан қаласындағы «Құл-Шәриф» мешітінің бағалы тастар мен асыл металдардан құйылған нобайы пайда болды. Зергерлік өнердің нағыз шеберлігін паш ететін туынды алыстан менмұндалайды. Оны жасау, өрнектеу тәсілі тәнті етеді.  Рухани орда алтынмен, күміспен және маржанмен көмкерілген.

16.11.2016 | «Тәуелсіздік құрдастары»: табыстың кілтін тапқан Медет Байкен

Жігіттік жаста 600-ден астам адамға бас-көз болу екінің бірінің қолынан келмейді. Бірақ оның өміршеңдігін Медет Байкен өнегелі ісімен дәлелдеді. Жігерлі жас әріптесімен бірлесе биылғы жылы Атырау қаласында «Baizaar» сауда ойын-сауық орталығын ашты. Тәуекелге бел буған жігіт бүгінде 3 қабатты ғимараттың жұмысын үйлестіріп отыр.

15.11.2016 | Бүгін - төл теңгеміздің айналымға енгеніне 23 жыл!

1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. Дәл сол күні таңғы сағат 8.00-ден ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау жұмыстары қолға алынған. Бұл одан үш күн бұрын Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлықта көрсетілді.

14.11.2016 | Елбасы кітапханасының қорын Ұлы даланың арулары жайлы сыр шертетін туынды толықтырды

Азаттық жолында күрескен қайсар арулар Сүйінбике мен Сүзге бізге мәшһүр ме? Тарихтағы ақтаңдақ беттерді Шәрбану Бейсенова және Жанат Әскербекқызы ашты. Олар нәзік жандардың ерлігі жайлы қалам тербеп, тыңнан түрен салған. «Ұлы дала арулары» топтамасының алғашқы кітабы «Сүйінбике» оқырман қауымның көзайымына айналатыны даусыз. Бояуы кеппеген тағылымды басылым - соны зерттеулер мен терең сараптамалардың жемісі.

11.11.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар» тыңдаушылары жасұландықтармен жүздесті

Игі дәстүрге айналған «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарына оңтүстікқазақстандық және қарағандылық оқушылар үңілді. Балалар Елбасымыздың жаһандық бастамалары мен идеяларын жан-жақты зерделеді. Қатарластарымен бірге Әсима Әлімбаева да екі күндік дәрістерді ұйып тыңдады. 9 сыныптың оқушысы болашақтың іргесін қалайтын Ұлт жоспарын жете білуді өзіне парыз санайды.

10.11.2016 | Студенттер қозғалысына серпін берілмек

Елбасы кітапханасында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысының ХІІІ шақырылымы өтті. Басқосу еліміздің жоғары оқу орындарында және техникалық және кәсіптік колледждерінде білім алатын  130 жасты тоғыстырды.  Келелі басқосуда тындырылған жұмыстар бағамдалып, 2016-2019 жылдарға арналған жаңа стратегия пысықталды. 11 жылдық тарихы бар ұйымның қызметі 2013 жылы тұралап қалған. Оған қайта дем беру жұмыстары 2015 жылы мықтап қолға алынды. Бүгінгі республикалық деңгейдегі басқосу – оның бір айғағына айналды.

09.11.2016 | Оңтүстік Кореяда Елбасы туралы кітаптың тұсаукесері болып өтті

www.inform.kz СЕУЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында Махмұт Қасымбековтің корей тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» деп аталатын кітабының тұсаукесері болып өтті.

09.11.2016 | Юрий Пя: «Адам қиындықтарды еңсере білуі тиіс »

«Қазақстанның Еңбек Ері»,  қолымен қатар жүрегі алтын кардиохирург. Атағы жер жарғанымен,  бойынан қарапайымдылық пен ізгілік сезіледі. Талай адамға өмір сыйлап, ондаған жүректі құтқарған Юрий Пя Елбасы кітапханасында болашақ әріптестерімен сыр бөлісіп, құнды кеңестерін берді. Студенттер тәжірибелі маманға кәсіби сауалдарын қойып, ота жасаудағы заманауи технологияларға асқан қызығушылық танытты.

09.11.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: еңбексүйгіштік пен отансүйгіштік негіздері

Әлия Әшім сұлулығымен талай байқаулардың жүлдесін еншілеген. Бойжеткен 2015 жылы «Қазақ аруы» республикалық сайысында ІІ орынды иеленді. Бірақ нәзік жан сән жолына түспей, нақты мамандық иесі атануды ұйғарған. Оның анасы журналистиканы таңдауға үгіттесе де, бойжеткеннің бүйрегі медицинаға бұрған. Таңдау тіс дәрігеріне түскен. Бүгінде нәзік жан М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 5 курсында оқиды. Белсенді студент теорияны тәжірибемен ұштастыруда. 2 жылдан бері жеке стоматологияда шеберлігін шыңдап келеді.

09.11.2016 | «ЕРКІН ЕЛДІҢ ЕРТЕҢІ»

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күнінде Назарбаев орталығында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еркін елдің ертеңі» атты кітабының тұсауы кесілді «Еркін елдің ертеңі» жастарға арналған қойын кітап. Кітапқа Елбасының бірлік, адамгершілік, қазақстандық патриотизм, мемлекет, жаһандану, саясат пен экономика, өркениет пен мәдениет туралы таңдамалы нақыл сөздері мен ой толғаныстары топтастырылған.

09.11.2016 | «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегерлері – Назарбаев Орталығында

«Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегерлері – Назарбаев Орталығында 6 қараша күні Назарбаев Орталығында «Мемлекеттік тілді меңгертудегі озық әдістемелер» тақырыбында семинар өтті. Семинар аясында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кітап көрмесі ұсынылды.

Беттер