09.11.2016 | «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі

«Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапаттау рәсімі 2013 жылғы 7 қарашада Қазақстан РеспубликасыТұңғыш Президенті мұражайында «Тіл жанашыры-2013» марапаттау рәсімі өтті. «Тіл жанашыры» қоғамдық бірлестігінің бұл наградасы қазақ тілінің өркендеуіне атсалысып келе жатқан азаматтарды ынталандыруды көздейді.

09.11.2016 | Назарбаев Орталығында «Тұңғыш - Первый» атты деректі фильмдердің апталығы басталды

Назарбаев Орталығында «Тұңғыш - Первый» атты деректі фильмдердің апталығы басталды ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Назарбаев Орталығында «Тұңғыш-Первый» атты деректі фильмдердің апталығы салтанатты жағдайда ашылды.

09.11.2016 | Назарбаев Орталығы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өткізді

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ   Назарбаев Орталығы Қазақстанның олимпиада құрамасын қолдауға арналған «БІРГЕ! ЖЕҢІСКЕ!» атты жалпыреспубликалық акция өткізді «Мен біздің спортшыларымыз стадионға жүздеген болашақ чемпионның келуіне үлгі болатынына сенемін. Әлемдік спорттағы жетістіктер – мемлекеттің мүмкіндігінің ең жарқын көрінісі. XXI ғасырда тек күшті және денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті болады.

09.11.2016 | Назарбаев Орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы талқыланды

БАСПАСӨЗ АҚПАРАТЫ Назарбаев Орталығында  Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы талқыланды           30 қаңтар, 17. 00 сағ. Назарбаев Орталығында Астана қаласының Алматы аудандық «НҰР ОТАН» партиясы филиалының бастауыш партиялық ұйымының ашық жиналысы өтті. Онда «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының басым-бағыттары талқыланды.

08.11.2016 | Елбасы кітапханасы жаңа музыкалық-поэзиялық топтамамен толықты

«Қазақтың ханы – батырлары!», «Керей мен Жәнібек», «Әз Тәуке», «Бауыржан Момышұлы», «Қазақ елі». Тарихи тұлғаларды әспеттейтін музыкалық туындылар керекулік композитор Назымбек Дүкенбайдың және ақын Серік Елікбайдың қаламынан туған. «Қазақ хандығы тарихынан» деп аталатын жинақ 2015 жылы жарық көрген. Қос кітаптың бірі музыкалық-поэзиялық топтама, екіншісі симфониялық оркестр мен хорға арналған партитуралар. 10 туындының әрқайсысы отансүйгіштікке, ұлттық рухқа толы.

07.11.2016 | Книга о Елбасы – победителям конкурса научных проектов

Сегодня во Дворце Независимости состоялось заседание научно-экспертного совета Ассамблеи народа Казахстана, посвященное 25-летию Независимости. На встрече рассматривались исторические и правовые аспекты укрепления казахстанской идентичности на принципе гражданства, а также актуальные вопросы методологии единого социологического исследования межэтнических отношений.

07.11.2016 | В Библиотеке Лидера Нации побывали члены ППО партии «Нур Отан»

На экскурсию в Библиотеку Лидера Нации сегодня прибыли  70 активных членов ППО партии «Нур Отан». Гости увидели уникальные экспозиции, на которых представлены документы из личного архива Главы государства.  Среди активистов - Ксения Шейло. Она работает в компании «Астана-Өнім». В своей работе Ксения опирается на точность и скрупулёзность. Глядя на документы государственной важности, когда-то подписанные Президентом страны, Ксения говорит о высокой степени ответственности человека, построившего целое государство.

04.11.2016 | Саясат Нұрбек: өңімде де, түсімде де әртүрлі тілдерде сөйлеймін

Қазақ жігітінің таудай талабы мен еңбексүйгіштігі тәнті етеді. Полиглот Саясат Нұрбек 9 тілде еркін сөйлейді. Оған қызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Тілді меңгерудің арқасында жасөспірім алғашқы нәпақасын тапқан.

02.11.2016 | Сара Тоқтамысова: «Таяуда балаларға арналған өлең кітабым жарық көреді»

Әкесі қызының Гиппократ антын қабылдауын қалағанымен, Сараның өнерге бүйрегі бұрған. 7-8 сыныпта жасөспірімнің ақындыққа қызығушылығы оянды. 1 ай ішінде домбыра шертуді үйренген оқушы Семей өңірінде алғашқы байқауларда бағын сынаған. Мектеп түлегінің айтыс өнеріне сапары Алматыдағы республикалық додадан бастау алды.

02.11.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар» әскерилер мен болашақ дәрігерлерді тоғыстырды

Бейбіт Мұстафа – болашақ онколог-дәрігер. Әзірге студент теориялық білімін шыңдауда. Күрделі мамандық асқан жауапкершілікті, кәсіби біліктілікті талап етеді. Оны түйсінген жас әдебиеттерді парақтап, ғылыми жұмыстармен айналысуға бел буған. Алматылық студент зерттеулеріне қажетті мәліметтерді «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарында да түртіп алды.

01.11.2016 | Аса құнды құжаттарды анықтау -  ыждаһаттылықты талап етеді

2016 жылдың ақпанында Елбасының жеке мұрағатындағы аса құнды құжаттарды және шектеу қойылмаған ашық мұрағаттық құжаттарды анықтау жөнінде жұмыс тобы құрылған. Оның кезекті отырысында 1994-1995 жылдарды қамтитын материалдар жан-жақты зерделенді.

31.10.2016 | Қазақстан мен Қытай: ықпалдастық көкжиектері

2016 жылғы 31 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Еуразия геоэкономикасы: түйісуден ынтымақтастыққа дейін» атты кезекті халықаралық ғылыми конференция өтті. Маңызды басқосу қазақстандық және қытайлық сарапшылар қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған.

28.10.2016 | «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» халықаралық форумы өтті

Елбасы кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» халықаралық форумы өтті. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов, Парламент Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Ресей, Еуропалық Одақ, Латын Америкасы, Үндістан, Қытай, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Жапония елдерінің ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Беттер