Жаңалықтар мұрағаты 2016

27.10.2016 | Бояу кеппеген фотоальбом қылқалам қуатын паш етеді

Замандас қазақстандық суретшілерді және олардың туындыларын білеміз бе? Сауалға жауап беру үшін  «Қазақстан кескіндемесі» фотоальбомын парақтау қажет. Бояуы кеппеген ІІ томдық жинаққа еліміздің 130-ға жуық қылқалам шеберлерінің еңбектері енген. Олардың арасында елімізге танымал суретшілерімен қатар өзіндік қолтаңбаларымен көпшілікті тәнті еткен жастар да бар. Камиль Муллашев, Сұлтан Иляев, Талғат Тәтиев, Төлеген Сүлейменов, Қарасай Нұркенов, Айнабек Оспанов өздерінің ой-пікірлерін, өмірлік ұстанымдарын қылқалам арқылы сөйлетеді.

27.10.2016 | Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтті

2016 жылы 27 қазанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілер үшін жабық болған залдары, сондай-ақ Музейдің тұрақты экспозициясының жаңартылған залдары бойынша баспасөз туры өтті. Бұл Музейдің  экспозиция залдарының тақырыптарын жаңарту және Астанадағы Музей орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің тұңғыш Резиденциясы ғимаратын музейлендіру бойынша жүргізілген үлкен жұмыстың бірінші кезеңінің нәтижесі  болып табылады.

26.10.2016 | Ынтымақтастық көкжиегі кеңейді: Елбасы Кітапханасы және Ұлттық қорғаныс университеті меморандумды мақұлдады  

Мәдени-ағартушылық ордаға айналған Елбасы кітапханасы 30-дан астам мекемемен меморандумды құптаған. Бүгін байланыс көпірі Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен орнатылды. Мүддесі ортақ қос мекеменің басшылығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Оның аясында бірлескен ғылыми, зерттеу жобаларына жан бітпек. Кейінгі толқынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Елбасының сындарлы бастамалары мен идеяларын ілгерілету бағытында күш-жігер біріктіріледі.

25.10.2016 | Экспедиция белсенділеріне интерактивті сабақ ұйымдастырылды

Қостанай және Ақтау қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің 26 оқушысы - «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының қатысушылары. Зерттеуге ден қойған жасөспірімдер бүгін Елбасы кітапханасын аралады. 13 жастағы Арайлым Насуха Каспий жағасынан ат терлеткен. Оның елорда төріне екінші рет жолы түсті. Кітапқа жаны құмар оқушы үшін суреттегі кереметті көру мүмкіндігі ашылды.

25.10.2016 | Рухани қазынаға Қарулы күштер әскерилері тәнті болды 

Елбасы кітапханасының рухани қазынасына ҚР Қарулы күштері Арнайы әскерлері бас басқармасының қызметкерлері үңілді. Қырағы қорғаушыларымыз тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен, бірегей суреттермен танысты. Әскерилер Семей полигонының жабылуына, бас қаланың көшірілуіне, ұлттық қорғанысты нығайтуға бағытталған құжаттарға асқан қызығушылық танытты. Тәртіпке бағынған әріптестерін Нәзгүл Тұрысбекова бастап келген. Нәзік жанды майор рухани азық алып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бастамашылдық танытқан.

24.10.2016 | «Тұңғыш» қалалық байқауда күміс жүлдені иеленді

Жылда «Нұр Отан» партиясына қарасты бастауыш партия ұйымдары арасындағы үздіктер анықталады. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бүгін республикалық деңгейдегі байқауда Астананың намысын қорғайтын ұйымдар анықталды. Бас қаладағы 350 бастауыш партия ұйымының 17-сі қалалық іріктеу кезеңіне сүрінбей өткен. Үміткерлер 3 санат бойынша өзара бақ сынады. Біріншіден, ұйымдағы адамдардың саны 100-ге дейінгі, екіншіден, 100-500 мүшесі бар және үшіншіден, 500-ден астам өкілі бар ұйымдардың қызметі бағаланды.

24.10.2016 | Тың идеялар алаңы: инновациялық «Кемеңгер» клубының алғашқы отырысы өтті

Бастамашыл жастардың бірі – Наурызбай Мусин. Ол Назарбаев университетінде «Электроэнергетика» мамандығының қыр-сырын меңгеруде. 3 курс студентінің ұсынған жобасы жанына жақын кәсіппен ұштасады. Оның аясында өнертапқыш қазақстандықтар нысанаға алынбақ. Электроникаға үңілген студенттер мен магистранттардың идеялары сын тезінен өткізіледі.

21.10.2016 | Қазақстан Президенті CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

www.akorda.kz Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты өз пікірін білдірді.

20.10.2016 | Азаттықтың ақ таңын жақындатқан жастар жайлы жинақ туралы

Өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қазақ жастарын бір мүдде тоғыстырды: азаттықтың ақ таңын жақындату, ұлттық рухты асқақтату. Қайсарлығымен және ұлтжандылығымен тарихта қалған қаракөз қыздар мен жігіттердің ерлігі жайлы Әміржан Әлпейісов қалам тербеді. 2015 жылы жарыққа шыққан кітап «Жас тұлпар» дүбірі», «Азаттық аңсаған Сарыарқа», «Қашқын суыр» повестерін топтастырған. Жазушы жеке қолтаңбасы бар тарихи жинақты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасына сыйға тартты.

19.10.2016 | Қырағы қорғаушыларымыздың алғашқы легі «Әлемді өзгертетін идеялармен» танысты

«Тәртіпке бағынған құл болмайды». 20 жылдан бері бұл ақтаулық Қуаныш Қошаев үшін бұлжытпас қағидаға айналған. ІІ шенді капитан әскери теңіз күштерінде тыныш ұйқымызды күзетеді. Оған еліміздің теңіздегі шебін қорғау міндеті артылған. Тәжірибелі маман Каспий теңізінің аумағында сақшылық қызметін атқаратын 4 кемені басқарады. Жауапкершілік жүгін сезінген әскери жауынгерлік дайындығымен қатар білімін де шыңдайды. Кеме командирі әуелі қарауындағы жас әскерилерге және үйіндегі 3 ұлына үлгі болуы тиіс.

18.10.2016 | Елбасы кітапханасында «Кемел Ел» сарапшылық клубы жұмысын бастады

Елбасы кітапханасы жастарды тоғыстыратын бірегей сұхбат алаңына айналды. Кейінгі толқын түйткілді мәселелерді талқылайды, өзара пікір алмасады. Енді белсенділер әлеуметтік маңызды жобалар мен жаңашыл идеяларға бастамашылдық танытып отыр. Жауапкершілік жүгі Елбасы кітапханасының «Кемел Ел» мәдени білім беру жұмысы және жастарды тәрбиелеу орталығы жанынан құрылған «Кемел Ел» сарапшылық клубына  жүктеледі.

17.10.2016 | «Тұңғыш» БПҰ: атқарылған және межеленген жұмыстар

17 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының 2015-2016 жылдардағы жұмысы бойынша есеп беру жиналысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Оның алғашқысы атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралауға арналды. «Тұңғыштың» іргетасы 2015 жылдың сәуірінде қаланғанымен, санаулы уақыт ішінде қолға алынған шаруалар бір төбе. Мәдени, танымдық, қайырымдылық, спорттық шаралар бүгінде игі дәстүрге айналды. Бастауыш партия ұйымының белсенділері мұқтаж жандарға қолғабыс етіп, аға ұрпаққа, жас буынға қамқорлық көрсетеді.

14.10.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар» семинары аймақ оқушылары арасында кең тарады

«Өзің білім ал да, басқаға бер». «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингке қатысқан оқушылар осындай принципті ұстана бастады. Елбасы кітапханасындағы семинардан мамыр айында Қостанай облысының оқушылары өткен еді. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Бағытгүл Сапарова бастаған бір топ тәлімгер Елбасы кітапханасына тағы да  атбасын тіреді.

14.10.2016 | Елбасы жайлы кітаптар зияткерлік ойынның жеңімпаздарына сыйға тартылды

Күздің қара суығына қарамастан, Оқушылар сарайындағы білім додасы тартысты өтті. Елордалық 8 жоғары оқу ордасының студенттері өздерінің біліп-түйгенін сынға салды. Жастар арасындағы брэйн-рингте «Мемлекеттік қызметшілердің беделін көтеру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбы кеңінен қаузалды.

13.10.2016 | Илья Глазунов. Қазақстан Президенті үшін естелік альбом

Заманауи суретші, пейзажшы әрі портретші, монументалды тарихи полотноларды құрушы, сәндік театр өнерінің шебері, суретші және сәулетші Илья Глазуновтың кескіндерді көшіріп түсірген альбомы Елбасының жеке коллекциясында сақтаулы. Иллюстрациялық эксклюзивке бай басылым суретшінің Қазақстан Президентін өзінің 2005 жылғы 75 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кешіне шақырған қолтаңбасымен басталады.

Беттер