Жаңалықтар мұрағаты 2016

12.10.2016 | «Мәңгілік ел» идеясы – мемлекеттік құрылымның негізі

Елбасы кітапханасында игі дәстүрге айналған «Қазақстандық бірегейлік және жалпыұлттық бірлік тағылымы: ұрпақтар сабақтастығы» кездесуі өтті. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тарихи және саяси аспектілеріне Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Этносаралық қатынастар және толеранттылық орталығының директоры Сатай Сыздықов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы кафедрасының меңгерушісі Төлеуғали Бөрібаев жан-жақты тоқталды. Профессорлар тақырыпты тереңнен зерделеген.

12.10.2016 | Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды шаралар өткізді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің қызметкерлері үстіміздегі жылдың 10-11 қазаны аралығында Алматы облысы Қарасай ауданына ғылыми-ағартушылық мақсатындағы іссапар барысында Қаскелең қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында ауқымды шаралар өткізді.

11.10.2016 | «Тәуелсіздік құрдастары»: Елбасына бой түзеп, металлург атанған Ғанибек

Күні бойы ыстық пеште металл балқыту екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ол үшін асқан шеберлік пен біліктілік, сабырлық пен ыждаһаттылық қажет. Ақтөбелік Ғанибек Есенжолов сенім үдесінен шықты. Жас маман жауапты әрі қиын қызметті ұршықтай иіріп әкетті. Мыңдаған градуста от көсеп, жалынмен шыңдалған 25 жастағы жігіт екі жылдан бері Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмыс істейді. Еңбексүйгіштігімен ерекшеленген жасқа үзеңгілес әріптестері бой түзеп, үлгі етеді.

11.10.2016 | Архивистер рухани олжамен оралды

Елбасы кітапханасының архивистері кезекті ғылыми-іздестіру экспедициясынан олжалы оралды. Мамандар Алматы қаласының рухани ордаларында тарихи жәдігерлерді зерделеді және арнайы курста біліктілігін арттырды. 10 күндік тынымсыз жұмыстың арқасында 1300 беттен астам электрондық құжаттар, 110-нан астам газет қиындылары және 20 фото іріктелген. Тарихи материалдар тәуелсіздіктің іргетасын қалау жылдарынан сыр шертеді.

08.10.2016 | Елбасының кітапханасы «Сарыарқа кітапханасының» 100 томдығымен толықты

8 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков «Сарыарқа кітапханасы» сериясының 100 томдығын Елбасы кітапханасына сыйға тартты.

08.10.2016 | Елбасы кітапханасымен Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов танысты

Елімізге жұмыс сапарымен келген Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукулов бастаған делегация өкілдері Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Меймандар рухани орданың тарихымен танысып, экспозицияларды аралады. Олар заманауи интерактивтік білім беру кешеніне асқан қызығушылық танытты. Бауырлас елдің өкілдеріне Елбасының жоғары марапаттары ұсынылған 3D голограмма, Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертетін анимациялық электронды альбом паш етілді.

07.10.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: асарлықтан бастау алатын еріктілік

Өмірлік қажетті дағдыларды еріктілік бойға дарытады. Оған Валихан Бахретдинов көз жеткізген. 2012 жылы волонтерлік арқылы шыңдалған тәуелсіздік құрдасы бүгінде «EXPO еріктісі: e-generation» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаған. Белсенді жас өз-өзін дамыту мен ұйымдастырудың сырларымен «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарының тыңдаушыларымен бөлісті.

06.10.2016 | 3 жинақ Елбасы кітапханасының сирек басылымдары қатарын толықтырды

Осыдан 110 жыл бұрынғы Шығыс Қазақстан, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы өңірлерінің тыныс-тіршілігі қандай еді? Тарих тұрғысынан маңызды сауалға 1905 жылғы 3 жинақ жауап береді. «Семей облысы», «Жетісу облысы» және «Сырдария облысы» деп аталатын статистикалық кітаптарда облыстардың ахуалына шолу жасалып, барлық сала бойынша ресми деректер ұсынылған. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық жағдай, демография, денсаулық сақтау мен білім беру сипатталған.

06.10.2016 | «Тәуелсіздік құрдастары»: Атқан әрбір таңына құштар Сәлімхан!

Өңірлерде талабына нұр жауған, бағындырған жетістіктері толайым жастардың қатары қалың. «Сегіз қырлы, бір сырлы» жандардың бірі – теріскейлік Сәлімхан Сәбитов. Тәуелсіздік құрдасының, Солтүстік Қазақстан облысындағы жас тілшінің діттеген мақсат-мұраттары көп.

05.10.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: жат пиғылды ағымдар қоғам кесапаты

«Әлемді өзгертетін идеялар» семинары тыңдаушыларының философия ғылымдарының докторы, профессор Айдар Әбуовпен тағылымды кездесуі өтті. Тәжірибелі маман жастарға дін атын жамылған жат пиғылды ағымдардың кесапаты жайлы әңгімеледі.

04.10.2016 | Жастар саясатындағы тиімділік пен жүйелілік талқыланды

«Жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың ерекшеліктері» ғылыми-тәжірибелік конференцияның екінші күні қызу пікірталас алаңына айналды. «»Жастарды әлеуметтендіру процесіндегі БАҚ және әлеуметтік желілердің рөлі», «Жастар – елдің кадрлық әлеуеті», «Заманауи кезеңдегі жастардың өзін-өзі басқару органдары мен жастар ұйымдарының даму ерекшеліктері», «Жастардың әлеуметтік әлжуаз санаттарымен жұмыс: тәжірибе және болашағы» тақырыптары кеңінен талқыланды. Өздерінің тәжірибелерімен отандық және ресейлік, қырғызстандық белсенділер бөлісті.

04.10.2016 | «Тәуелсіздік құрдастары»: бүлдіршіндерге шуағын төккен Ирина

Елбасы кітапханасының «Тәуелсіздік құрдастары» жобасына облыстық БАҚ өкілдері атсалысуда. Назарларыңызға болашағын бала тәрбиесімен байланыстырған Ирина Ширяева туралы материал ұсынамыз. Авторы: Кристина Герасимова (Қостанай қ.).

03.10.2016 | Жастар саясаты: басымдықтар мен межелер

Қазақстандық жастар саясаты аяққа нық тұрғанымен, қамшылайтын тұстар әлі де бір төбе. Кейінгі толқынның әлеуметтенуі, олардың азаматтық белсенділігі мен жауапкершілігін арттыру, жастармен жұмыстың тиімді әдіс-тәсілдерін ендіру. Бұл туралы бүгінгі халықаралық «Жастар саясатын қалыптастырудың және жүзеге асырудың ерекшеліктері» ғылыми-тәжірибелік конференцияда кеңінен сөз болды. Жалауы көтерілген екі күндік келелі басқосу Қазақстан мен Ресейдің  ХІІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында ұйымдастырылды.

03.10.2016 | Елбасы кітапханасында Қазақстандағы мемлекеттік қызмет институтының бет алысы қаузалды

Тәуелсіздіктің таңы атқанда елімізде нарықтық экономиканың сырын меңгерген саяси басқарушылар қат болатын. Мемлекеттік қызметін институтын нығайту үшін Елбасының Жарлығымен 1995 жылы Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінің іргетасы қаланды. Осы уақыт аралығында біліктілікті арттыру ордасында 82 маман білімін шыңдады. Мектептің алғашқы түлектері 1996 жылы қанат қақты. 20 жылдық мерейтойға және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Елбасы кітапханасында «Қазақстанның саяси мемлекеттік қызметі: қалыптасу және даму кезеңдері» форумы өтті.

Беттер