Жаңалықтар мұрағаты 2016

30.09.2016 | Әнуар Нұрпейісов: «Мен өз жолымды әлі де іздеудемін»

«Әлемді өзгертетін идеялар» семинарының тыңдаушыларымен сыр бөліскен танымал актер мамандық таңдауда жүректің үнін тыңдау қажеттігіне шүбә келтірмейді. Бірақ оқушы Әнуар Нұрпейісов жан дүниесінің қалауына көз жұмып, көпшілік арасында «беделді» мамандыққа ден қойған.

29.09.2016 | Тәуелсіздік құрдастары: Ержан Құмарғалиев: «Өмірлік мақсат тек қаржыға тірелмейді»

«Талаптың тоқпағы тасқа шеге қағады». Батысқазақстандық ұстаз Ержан Құмарғалиевпен сұхбаттан кейін аталы сөз еріксіз ойға оралады. Өзі жас, бірақ түйгені мен тоқығаны мол. Жігіттік жасында өнер саласында бағындырған белестерін тоқмейілсімейді. Қарапайымдылықты ту етеді.

29.09.2016 | «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты конкурсына БАҚ өкілдерінің жұмыстарын қабылдау жалғасуда

Құрметті достар! 2016 ж. қазан айының 31-не дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік материалға «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты конкурсына БАҚ өкілдерінің жұмыстарын қабылдау жалғасатынын еске саламыз. Конкурс ұйымдастырушылары – Елбасының кітапханасы және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры.

28.09.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: рекорд орнатылған семинар

«Елім өркендеуі үшін не істей аламын?».  Бұл 20 жастағы Балнұр Бектібайдың көкейін толғандыратын сауал.  Жезқазғандық студент сөзден гөрі іске кірісуді ұйғарған. Белсенді жас университетке қарасты жастар ұйымының мүшелерімен ақылы мәдени шара ұйымдастырған. Олжалаған қаржы арқасында қаладағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тосын сый жасалды. Қоғамның тынысына бей-жай қарамайтын нәзік жан келешекте мемлекеттік қызметте абыройлы тер төкпек.  

28.09.2016 | Елбасы кітапханасы «Қазақстан бейнелеу өнері. ХХ ғасыр» альбомымен толықты

Ұлтымыздың жарық жұлдызы, сегіз қырлы Шоқан Уәлиханов суретшілік өнерді де меңгерген. Ұлы ғалымның төл туындыларынан қазақтың кескіндемелік өнері бастау алады. Көрнекті ағартушының графикалық суреттері Леонардо да Винчидің еңбектерімен ұштасады. Шоқан Уәлихановтың қолынан шыққан «Сұлтан Мамырхан Рүстемов», өзінің «Автопортреті»  «Қазақстан бейнелеу өнері. ХХ ғасыр» альбомында басылған. Тарихи жинақ 2001 жылы жарық көрді. Оның бетінде 100 жылдағы қазақстандық көркемөнер мектебінің дамуы көрініс табады.

27.09.2016 | Дүниежізілік туризм күні. Пржевальскийдің саяхаттары

Орталық Азияның табиғаты мен жануарлар әлемі. «Н.М. Пржевальскийдің саяхаты» екі томдығы 1899-1900 жылдары жарыққа шыққан. Құнды әрі көне кітаптар – түпнұсқа. Сарғылт тартқан беттер Николай Пржевальскийдің ХІХ ғасырдағы саяхаттарынан сыр шертеді.

26.09.2016 | Шет елдерінің жас ғалымдары Елбасы кітапханасын аралады

Еуразиялық жазғы мектептің тыңдаушылары Елбасы кітапханасының жәдігерлерімен танысты. 20 магистрант пен докторант  Әзербайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Польша және Украина мемлекеттерінен келді. Жас ғалымдар үшін экскурсия ұйымдастырылып, ғимараттың, құнды құжаттардың тарихы баяндалды. Меймандар Елбасының жеке кітапханасын аралап, Мемлекет басшысы парақтаған жинақтарға куә болды. Оларға үңілген түркиялық Джемил Ипек:

26.09.2016 | «Тұңғыш» БПҰ: Спорттың жігер мен командалық рухты көтерген жарыс

Елбасы кітапханасының қызметкерлері спорттық шеберліктері мен ептіліктерін сынға салды. Демалыс күндері Астанада игі дәстүрге айналған «Қазақстан – спорттық ел!» турнирі өтті. Жарысқа «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының 26 бастауыш партия ұйымынан жасақталған құрама бас жүлдені бәске тікті. 1 мыңға жуық адам спорттық қарым-қабілетін дәлелдеуге тырысып бақты. Шағын футбол, волейбол, үстел теннисі және шахмат бойынша мықтылар анықталды. Елбасы кітапханасының қызметкерлерінен құралған «Тұңғыш» БПҰ белсенділері спорттың барлық түрлері бойынша бақ сынады.

24.09.2016 | Елбасы кітапханасының ұжымы: «Туған қаламызды аялау – ортақ міндет»

Жалпықалалық сенбілікте Елбасы кітапханасының қызметкерлері де қолдарына еңбек құралдарын алды. Жұдырықтай жұмылған ұжым «Біз – таза қала үшін» деген ұстаныммен саябақтың ажарын келтірді. Оның аумағы кураған жапырақтар мен бұтақтардан, қоқыстардан тазартылды. Кітапхананың атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков бастаған топ ұйымшылдық танытты. Қала тұрғындарының демалыс орнына айналған саябақтың сәні мен салтанаты арта түскені хақ.

23.09.2016 | «Әлемді өзгертетін идеялар»: білім көкжиегін кеңейту

Қызылордалық Нұрай Қожақова 2017 жылы мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам баспақ. Оқушы болашағын адам өмірінің арашасы дәрігерлік мамандықпен сабақтастырмақ. Ол дерт дауасын дөп басу үшін сапалы білім мен білік  қажеттігін түсінеді.

22.09.2016 | Тіл жанашырлары Елбасы кітапханасында тоғысты

Ақтөбелік Анюта Жукова қазақшаға судай. Оның мемлекеттік тілге деген қызығушылығын балабақша тәрбиешісі оятқан. Кейін оқушы көркем әдебиеттерді парақтап, шығарманы қазақшаға жазуға ден қойды. Нәтижесі ұзақ күттірмеді. Енді бастапқыда көзге түрпідей тиетін өрескел грамматикалық қателіктерге жол берілмейді.

21.09.2016 | Ізгілікке толы сырлы кездесу

«Жетімді көрсең, жебей жүр». Бұл бүгінде Досбол Ахметжанов үшін таңсық емес. 31 жастағы жігіттің ізгі ісі – өнеге. Белсенді азамат қайырымдылық қордың негізін қалап, еліміздегі балалар үйлеріне жәрдемдеседі. Ол өзінің қызметі, өмірлік ұстанымдары жайлы «Әлемді өзгертетін идеялар» семинарының тыңдаушыларымен сыр бөлісті.

21.09.2016 | Елбасы жазған жаңа кітаптың алғашқы беттері «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаламынан туған жаңа кітап  «Ұлы дала ұлағаттары» деп аталады. Мемлекет басшысы жаңа туындысында туған жердің кешегісі, бүгіні мен келешегі, адамзаттың дамуы, өскелең ұрпақтың еншісіне тиетін маңызды мақсат-міндеттер жайлы жазады. Елбасы жаһандық күрмеулі мәселелер, құндылықтар туралы сөз қозғап, өзінің ой-толғамдарын оқырман қауымға ұсынады. «Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бәріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз. Осы орайда, биік таудың етегіне келіп, оның қарлы шыңдарына қарап тұрған адам сияқтымын.

Беттер