29.12.2017 | КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті отандастар!   Келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Осындай ғажайып мереке Сіздердің отбасыларыңызды ерекше жылылық пен қуанышқа бөлеп, зор денсаулық, мол бақыт, құт-береке сыйласын! Аңсаған армандарыңыз орындалсын!

26.12.2017 | МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ ҮНҚАТЫСУ. БЕЛОРУС ЖӘНЕ ШЫҒЫС СЛАВЯН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КІТАП БАСПА ӨНЕРІНІҢ 500 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ

2017 жылдың  26 желтоқсанында тұңғыш белорус баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағын Елбасы кітапханасына сыйға тарту рәсімі өтті. Іс-шара Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл рәсім Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған іс-шараларды жалғастырады.

26.12.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНДЕ ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

26 желтоқсанда Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің отырысы болды. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов жылдық жұмысты қорытындылай келе, жобалар аясындағы ғылыми зерттеулерді сапалы жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік берген ұйымдастыру жұмыстарының жүргізілгеніне тоқталды.

26.12.2017 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫНДА»: ЭКСПО-2017 ЕСТЕЛІКТЕРІ

«Ел тарихы Елбасы кітапханасының жәдігерлері мен мұрағат құжаттарында» жобасының кезекті шығарылымы осы жылғы Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінің елеулі оқиғаларына, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған.

22.12.2017 | «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ». БІРЕГЕЙ ТАРИХИ ҚҰЖАТ

Сарапшылар Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітабын бірегей тарихи құжат деп атады. Кітап тарихи публицистикалық жанрда жазылғандықтан Мемлекет басшысының көптеген саяси шешімдерін түсінуге мүмкіндік береді.

21.12.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ. НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ФОТОАЛЬБОМ

«Елбасы кітапханасының кітаптар коллекциясы» жобасының Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен кітапханасы дайындаған Назарбаев орталығы туралы фотоальбомы жарыққа шықты.

20.12.2017 | «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» КӨШПЕЛІ СЕМИНАРЫ

13 желтоқсанда генерал Н. С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Сағынтай Бердіғұлова мен аға сарапшы Күнзия Үмбетова «Қазақстан жолы: Мәңгілік Ел» бағдарламасы бойынша әскери мектептің 25 педагог, психологтары мен тәрбиешілеріне сабақ өткізді.

16.12.2017 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ҚАБЫЛДАУҒА ҚАТЫСТЫ

www.akorda.kz Мемлекет басшысы жиынға қатысушыларды және Қазақстан халқын ұлттық мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. – Бұл күні уақыт өлшеміне бағына қоймайтын мақтаныш, қуаныш пен толқыныс өзара үйлесім тауып, ерекше сезімге бөлейді, – деді Қазақстан Президенті.

15.12.2017 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» АТТЫ КІТАБЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Тарихи публицистика жанрында жазылған, қазақ және орыс тілдерінде басылған Елбасының бұл еңбегі еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Сөз басында Президент: «Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады» деп кітаптың мазмұнын айқындап береді.   

13.12.2017 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ ЕРЛАН САҒАДИЕВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

13 желтоқсанда Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Қазақстанның барлық өңірлерінен 40 оқушы – жаратылыстану-математика бағытының пәндері бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары министрмен бейресми түрде кездесіп, әңгімелесу мүмкіндігіне ие болды.

13.12.2017 | ИРАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА: «ОСЫНДАЙ ОРТАЛЫҚ ҚҰРУ – ТАРИХТЫҢ БІРЕГЕЙ ПАРАҒЫ»

Тарихтың бірегей парағы. Бүгін Елбасы кітапханасына Иран Ислам Республикасының Ұлттық қарулы күштері университетінің делегациясын Қазақстандағы Иран елшілігінің өкілдері, Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкерлері бастап келді.

12.12.2017 | «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» КИНО АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

12 желтоқсанда Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі «ТҰҢҒЫШ-ПЕРВЫЙ» кино апталығы басталды. Мерекелік кино көрсетілімінің алғашқы көрермендері Экономика және қаржы колледжі мен Басқару колледжінің студенттері және Астана қаласының № 59, 79 мектеп-лицейінің оқушылары болды.

11.12.2017 | ЖАСТАР ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ОЙ БӨЛІСТІ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ДӘРІС

11 желтоқсанда Елбасы кітапханасының Музейінде Сауда-экономикалық колледжінің студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің қалыптасуы» дәрісі оқылды.

08.12.2017 | «ТУҒАН ЖЕРІМ» ХІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

8 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Туған жерім» ХІІІ республикалық балалар шығармашылық байқауының нәтижелері бойынша жеңімпаздары марапатталды және көрменің ашылуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және елорданы Астанаға көшірудің 20 жыл толуына арналды.

Беттер