29.12.2018 | ЖАҢА ЖЫЛ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ІЗГІЛІК

Ізгі амал биыл да жалғасын тапты. Жыл аяғында Елбасы кітапханасының қызметкерлері Ырыскүл Өтегенова мен оның үш немересі Нұрлыбек, Диана мен Бекзат Келісбековтерді  мерекемен құттықтады.    – Жаңа жыл – ғажайыптар уақыты ғой. Біздің үшеуіміз де әжемізді әрдайым үздік үлгерім мен үлгілі тәртібімізбен қуантқымыз келіп тұрады.  Біз Елбасы кітапханасының бізге көрсеткен ілтипаты үшін зор алғыс айтқымыз келеді. Бізге көңіл бөліп, қуантқандарыңызға рахмет. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Ойға алған мақсат-мұраттарыңыз орындала берсін», - дейді дизайнер болуды армандайтын 12 жасар Диана.

28.12.2018 | ҒАРЫШ ӘЛЕМІ. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ШАРА

Жаңа жыл алдындағы ескі жылдың соңғы күндері әсіресе балалар үшін қуаныш пен жағымды үміттерге толы. Ерекеше қайырымдылық акциясына көпбалалы отбасылардан шыққан жас өрендер қатысты. Балалар мерекелік шараға қатысып ғана қоймай, ерекше сыйлықтарға ие болды. «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық партия ұйымы «Бірлік» филиалы мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған мерекелік шара елордамыздағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өтті.

20.12.2018 | ҚАЗАҚСТАН – ВЕНГРИЯ: ЖЫЛҚЫНЫ БАПТАУ, ТОПОНИМИКА ЖӘНЕ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТУЫСТЫҒЫ ЖАҒЫНАН ДА ҰҚСАС ЕЛДЕР

Елбасы кітапханасында доктор Михай Фрешли бастаған Венгрия халықаралық зерттеу тобының өкілдерімен кездесу өтті. Ынтымақтастық туралы меморандум аясында екі елдің ғалымдары өзара ғылыми жемісті қарым-қатынас орнатқан. Бұл жолы сарапшылар одан әрі жұмыс істеу үшін өзекті бағыттарды талқылады.

14.12.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ТӨЛ МЕРЕКЕ ТОЙЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы кітапханасында мерекелік жиын өтті. Кітапхана директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов қызметкерлерді мерейтоймен құттықтады.

14.12.2018 | «ЖАС ҚЫРАННЫҢ» ЖАСТАРЫ ЖИНАЛДЫ

Еліміздің ең қастерлі мерекесі қарсаңында ел жастары Елбасы кітапханасында бас қосты. Жүздерінен нұр төгілген талантты ізденушілер «Жас қыран» атты студенттер жинағының тұсаукесер рәсіміне қатысты.           «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі және Елбасы кітапханасы ұйымдастырған мәдени шараның басты қонағы –  Кеңес Одағының батыры, ҚР генерал-майор Тоқтар Әубәкіров болды.              «Жас қыран» жинағының таныстырылымын қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров ашып, жиналған жастарды құттықтады.       

12.12.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ ТҰРАҚТЫ ЭКСПОЗИЦИЯЛАР АШЫЛДЫ

Бүгін Елбасы кітапханасының музей ғимаратында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Әлем халықтарының музыка аспаптары», «Қазақстанның спорттық даңқы» атты тұрақты тың экспозициялардың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов ашты.

11.12.2018 | «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫНА ҚАТЫСҚАН ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

2018 жылғы 11 желтоқсанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің арасында жыл сайын жарияланатын «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» атты ашық шығармашылық конкурстың қатысушыларын марапаттау салтанаты өтті.

07.12.2018 | ТАЛАП ПЕН ТАЛАНТ ҰШТАССА...

«Алтын белгі» иегері,физикадан халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы, инвестиция маманы, қазірде «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы Әкімшілігі» АҚ-ның басқарушы директоры, басқарма мүшесі. Біз сөз етіп отырған Ернұр Рысмағамбетовтың өмір жолына зор қызығушылықпен қарау ләзім. Білім, талап пен еңбек жұптасса аса табысты азамат қалыптасатынының жарқын үлгісі осы Ернұр деп айтсақ шындықтан қағыс кетпеспіз.

07.12.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің жылдық жұмысы қорытындыланды. Дәстүрлі шараны Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері аяқтады.

06.12.2018 | ДАРЫНДЫ ЖАСТАР ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІН АРАЛАДЫ

Кезінде Президенттің алғашқы резиденциясы болып, бүгінде Елбасы кітапханасының музейіне айналған зәулім сараймен танысуға Астана қ. Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғарғы сынып оқушылары келді. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова жастарды мектептің 10 жылдығы мен келе жатқан мерекелермен құттықтады.

05.12.2018 | «Тұңғыш» жобасының тарихи деректері

Үстіміздегі жылғы «Тұңғыш» көшпелі экскурциясы – Елбасы кітапханасының ауқымды жобаларының бірі болды. Ұйымдастырушылар әр аудиторияға қызықты дәрістер мен экспозициялар жасап, мүмкіндігінше көп көрермен қамтуға күш салды.

Беттер