Жаңалықтар мұрағаты 2018

29.06.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ

2018 жылғы 28 маусымда еліміз бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Бастапқыда «Журналистика күні» деп аталған мереке қазақ тілді «Түркістан уалаяты» газетінің (1870 ж.) алғаш жариялану уақытына байланысты 10 мамырда тойланатын. 1997 жылғы 28 маусымда «Баспа және өзге де бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚазКСР Заңы қабылданып, айтулы мереке маусымның соңғы жексенбісінде атап өтілетін болды. 2011 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздегі кәсіби және өзге де мерекелердің жаңа тізімін мақұлдады.

22.06.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА АСТАНА ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМДЕР КӨРСЕТІЛДІ

2018 жылғы 23 маусымда, елорданың жиырма жылдығына орай Елбасы кітапханасында Астана туралы деректі фильмдердің көрсетілімі өтті. Іс-шараға ҚР ҚМ 60563 әскери бөлімшесінің қызметкерлері мен офицерлік құрамы, Астана қ. «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалының «Бірлік» бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

20.06.2018 | АСТАНА СУРЕТШІ-ПУБЛИЦИСТ КӨЗІМЕН

2018 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында танымал кескіндемеші, график, публицист, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Жеңіс Кәкенұлының «Астана суретші көзімен» атты жеке көрмесі ашылды.

19.06.2018 | «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композитор, ағартушы, Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, сазгер, ағартушы, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай оқулары» атты жыл сайынғы әдебиет сайысын жариялайды. Оның шығармалары әлемнің 60 тіліне аударылған.

19.06.2018 | VIVAT ACADEMIA! VIVANT PROFESSŌRES! ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МАНТИЯЛАР ТОПТАМАСЫ

Елбасы кітапханасы «Жасампаз еліміздің тарихы: кітаптар, жәдігерлер, архив құжаттары сөйлейді» жобасы аясында кезекті тың материалдарды назарларыңызға ұсынады. Жәдігерлер бірегей мантиялар топтамасынан сыр шертеді.

15.06.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ. ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

14 маусымда Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында кәсіби қайта даярлау курсына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 64 тыңдаушысына өткізілген «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» курсы аяқталып, сертификаттар тапсырылды.

15.06.2018 | БАКУДЕ «НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ӨМІРБАЯН» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

13 маусымда Әзербайжанның жетекші ғылыми және мәдени білім беру орталықтарының бірі – Гейдар Әлиев орталығында М. Қасымбековтің әзербайжан тіліндегі «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара Қазақстанның елордасы – Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылды.

14.06.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚР ІІМ ТЖК-ДЕ ТАҚЫРЫПТЫҚ КӨШПЕЛІ ДӘРІСТЕР ӨТКІЗДІ

13 маусым күні Елбасы кітапханасының қызметкерлері ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мен Астананың 20 жылдығына арналған көшпелі дәрістер өткізді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова ТЖК қызметкерлеріне арналған алғы сөзінде:

13.06.2018 | ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «МИНХВА» КОРЕЙ КЕСКІНДЕМЕСІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 13 маусымында Елбасы кітапханасының Музейінде «Минхва» корейдің қазіргі заманғы халық кескіндемесінің көрмесі ашылды. Іс-шара Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдениет орталығы мен «Минхва» корей халық кескіндемесі музейінің қолдауымен ұйымдастырылды.

11.06.2018 | АСТАНАНЫҢ ҚҰРДАСТАРЫ СҮЙІКТІ ЕЛОРДАМЫЗ ТУРАЛЫ: «АСТАНА – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ!»

2018 жылдың 11 маусымында Елбасы кітапханасының Музейінде елордамыздың 20 жылдығына арналған «Астана – болашақтың қаласы» мерекелік іс-шара өтті. Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның елордасына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастыру, жас әрі табысты астаналықтардың бейнесі арқылы белсенді өмірлік ұстаным мен лидерлік қасиеттерді насихаттау.

08.06.2018 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАЙДЖЕСІ (СӘУІР-МАМЫР 2018 ЖЫЛ)

АҚШ Конгресі кітапханасы серіктестерін марапаттады Американың Конгресс кітапханасы 2017 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасағандары үшін серіктестік ұйымдарын марапаттады. Соның ішінде, аудиокітаптар мен Брайл қарпіндегі жарияланымдар шығарумен белсенді айналысатын Колорадо кітапханасы мен Тейлор орталығы Жыл кітапханасы мен орталығы атағын жеңіп алды.

06.06.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «АЙМАҚТЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ - ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Аймақтық ынтымақтастық – Орталық Азия елдеріндегі тұрақтылықтың кепілі» халықаралық дөңгелек үстелі өтті.

05.06.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «АСТАНА – БЕЙБІТШІЛІК ҚАЛАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында елордамыздың 20 жылдығына арналған «Астана – бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Еуразияның маңызды геосаяси орталығы – Астананың даму қорытындылары мен болашағын талқылауға отандық және шетелдік саясаткерлерді, беделді сарапшыларды тарту мақсатында өткізген іс-шараны Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесе ұйымдастырды.

Беттер