Жаңалықтар мұрағаты 2018

04.06.2018 | «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ СИМФОНИЯСЫ». ЖАС ТАЛАНТТАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 4 маусымында Елбасы кітапханасында «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының «Бейбітшілік пен мейірім симфониясы» балалар шығармашылық байқауының нәтижесі бойынша ұйымдастырылған «Бейбітшілік пен мейірім симфониясы» көрмесі ашылды. Байқау мен көрме екі атаулы мерейтойлық күндер – Астананың 20 жылдығы мен Нұрсұлтан Назарбаев Білім қорының 20 жылдығына арналды. Аталмыш көрме Елбасы кітапханасы мен Білім қорының әріптестік туралы меморандумның аясында өткен бірінші бірлескен іс-шара болып табылады.

31.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚР Президентінің 1997 жылғы Жарлығына сәйкес 31 мамырда атап өтілетін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде елорда студенттері Қазақстанға жер аударған халық өкілдерінің ұрпақтарымен кездесті. Қонақтармен сұхбатқа «Даналық» колледжі, Астана қ. Жоғарғы медицина колледжі, Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі, Астана қ. Менеджмент және бизнес колледжі студенттері, сондай-ақ Родина ауыл округінің әкімдігі мен Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымының қызметкерлері қатысты.

31.05.2018 | ЕЛОРДА КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНЕ ҚАТЫСТЫ

2018 жылғы 30-31 мамырда Астана қ. Жоғарғы медицина колледжі мен «Даналық» колледжінің студенттері Елбасы кітапханасында бас қосты. Жастар игі дәстүрге айналған «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингіне қатысты.

31.05.2018 | МӘҢГІЛІК МҰҢ, ШЕРЛІ ШЕМЕН. САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛАДЫ

2018 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстандағы аштық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Мәңгілік мұң, шерлі шемен» дөңгелек үстелі өтті. Аталмыш шараны Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер ұлттық әскери-патриоттық орталығымен бірлесе ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Елбасы кітапханасы мен ҚР Қарулы Күштері Әскери-тарихи музейі қызметкерлері, Л.Н.

30.05.2018 | КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КӨШПЕЛІ ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗДІ

2018 жылғы 30 мамырда Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жаңа қоғамдық шындық аясындағы кітапханалар қызметі» облыстық семинары өтті. Іс-шара «Көкжиек» мемлекетаралық жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Елбасының бағдарламалық мақаласын дәріптеу, кітапханалардың қоғамдағы рөлін арттыру, олардың ақпараттық қызметін жаңа деңгейге көтеру сынды мақсаттарға негізделген семинарды Елбасы кітапханасы мен Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырды.

30.05.2018 | ӨНЕРДІҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ. ЖАРАТЫЛЫСЫ ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН АРТ-ТЕРАПИЯ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Елбасы кітапханасының Музейінде жаратылысы ерекше балаларға арналған «Астана – арман қала» шығармашылық мерекесі өтті. Іс-шараның ашылу рәсімінде Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов жобаның онжылдық тарихын белгіледі:

30.05.2018 | ҚАСІРЕТТІ ЖЫЛДАР ТАҒЫЛЫМЫ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі №3443 Жарлығына сәйкес, жыл сайын 31 мамырда атап өтіледі. Атаулы күн – сталиндік режим тұсында жазықсыз қасірет шеккен ұлт зиялыларын еске алу күні.

28.05.2018 | «ХАЛЫҚ СҮЙІКТІСІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ДИПЛОМЫ МЕН МҮСІНШЕСІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҚОРЫН ТОЛЫҚТЫРДЫ

«Нұрсұлтан Назарбаев – Еуразияшылдықтың саяси философиясын құрушы», – деп Мемлекет басшысының қазіргі жаңа геосаяси стратегиялардың дамуы бойынша қызметі осылай бағаланды. Елбасы кітапханасының Музейі жинағына 2018 жылдың ақпанында Н. Ә. Назарбаев марапатталған «Халық сүйіктісі» халықаралық қоғамдық сыйлығының дипломы мен мүсіншесі келіп түсті.

25.05.2018 | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОЛИМПИАДА ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АЙЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БАСТАЛДЫ

2018 жылғы 24 мамырда Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» тұрақты экспозициясының ашылу салтанаты өтті. Іс-шара елімізде жыл сайын 23 маусымда атап өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орай ұйымдастырылды.  Экспозиция тұсаукесері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімінен басталды.

24.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ВЫШЕГРАД ТОБЫ ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ТАЛҚЫЛАУҒА ҚАТЫСТЫ

Елбасы кітапханасының қызметкерлері Қазақстандағы Венгрия Елшілігі және Польша Елшілігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Вышеград тобы және Орталық Азия» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

23.05.2018 | ЖАПОНИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫ «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» МӘСЕЛЕЛЕРІН ОРТАҒА САЛДЫ

Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласының инновациялық технологиялары» халықаралық симпозиумы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Жапония елшілігінің қолдауымен, Елбасы кітапханасы мен Хонда Қоры (Honda Foundation) бірлескен жұмысының арқасында жүзеге асырылды.

22.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДӘРІСТЕРІ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНА ЖОЛ ТАРТЫП КЕЛДІ

2018 жылдың 15-18 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қызметкерлері ғылыми-білім беру, тәжірибе алмасу мақсатында Қостанай облысына іссапармен барып келді.

22.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БҰҰ МОДЕЛІ ҮЙЛЕСТІРУШІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІІ САРАПШЫЛАР ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен Орталық Азия БҰҰ моделінің Үйлестіруші орталығының ІІ сарапшылар отырысы ұйымдастырылды. Іс-шара І Халықаралық Орталық Азия БҰҰ моделінің ұйымдастыру аясында өтті.

22.05.2018 | ШЫРАЙЛЫ ШЫМҚАЛА ӨРНЕКТЕРІ. БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ – ЮНЕСКО КЛУБЫ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ДИПЛОМ ЖҰМЫСТАРЫ КӨРМЕСІ

2018 жылдың 21 мамырында Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында Шымкент қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы тәрбиеленушілерінің диплом жұмыстары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. «Туған өлкем» көрмесі 2018 жылдың ақпан айында бастау алған балалар шығармашылығын қолдау республикалық бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Туған өлкем» бағдарламасының аясындағы барлық көрмелер елорданың мерейтойына арналады.

Беттер