Жаңалықтар мұрағаты 2018

18.05.2018 | СҮЙІКТІ ЕЛОРДАМЫЗҒА АРНАЛАДЫ. ҚАЛАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАРЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАСАЛДЫ

2018 жылдың 17 мамырында Елбасы кітапханасының Музейінде «Астана – болашақтың қаласы» елорда мектептерінің 7–10-сынып оқушылары арасында өткен қалалық ғылыми-зерттеу жобалары байқауының қорытындысы жасалып, жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі өтті. Шара елордамыздың 20 жылдық мерекесі аясында өткізілді. Шараның негізгі мақсаты Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын ілгерілетуге ықпал ететін мектеп қауымдастығын зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.

17.05.2018 | НАҚЫЛ СӨЗДІҢ ҚҰДІРЕТІ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНДЕ ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ДӘРІС ӨТТІ

2018 жылдың 17 мамырында № 67 және № 74 мектеп-гимназияларының 6-сынып оқушыларына «Нақыл сөздер және олардың тұлғаны қалыптастырудағы маңызы» тақырыбында дәріс өтті. Дәріскер, Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметінің сарапшысы Рауза Қабдоллаева тыңдаушыларға нақыл сөздер туралы баяндап, қанатты сөздердің тұлғаны дамытудағы және адами құндылықтарды қалыптастырудағы мәнін ашып көрсетті. Шешен сөйлеу – тұлғаның сирек кездесетін қабілеті.

17.05.2018 | АЛМАТЫ ЖӘНЕ АСТАНА ОҚУШЫЛАРЫ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДА

Ағымдағы жылдың 16-17 мамырында Астана және Алматы қалаларының жоғарғы сынып оқушылары Елбасы кітапханасында бас қосты. Еліміздің қос өңірінен келген 54 тыңдаушы «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингін ойдағыдай тәмамдады.

17.05.2018 | РЕНАТ ЕЛУБАЕВТЫҢ «ҚАУЫРСЫНДАЙ» КАРТИНАЛАРЫ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ТАЛАНТТЫ ИМПРЕССИОНИСТІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 16 мамырында Елбасы кітапханасының Музейінде жас суретші, «Шабыт» халықаралық жас шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Ренат Елубаевтың «Мәңгі елес» жеке көрмесі ашылды. Көрме Елбасы кітапханасының «Үкілі үміт» шығармашыл жастарды қолдау көрме жобасының аясында ұйымдастырылды. Көрмені ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов өзінің алғы сөзінде:

16.05.2018 | ГЕЙДАР АЛИЕВ ТУРАЛЫ КІТАПТЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

2018 жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Еліне жол ашқан» кітабының тұсаукесері өтті. Қазақ тіліне аударылған аталмыш кітап әзербайжан халқының жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Алирза оглы Алиевке арналады.

14.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ГЕЙДАР АЛИЕВ: ТҰЛҒА, МИССИЯ, МҰРА» КӨРМЕСІНІҢ (БАКУ Қ.) АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ

2018 жылғы 10 мамырда Гейдар Алиев орталығында «Гейдар Алиев: тұлға, миссия, мұра» атты тарихи-деректі Әзербайжан – Ресей көрмесі ашылды. Іс-шара қазіргі гүлденген, демократиялық Әзербайжан Республикасының негізін қалаған тұлғаның 95 жылдығына орай ұйымдастырылды.

11.05.2018 | «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ: «ЕҢ БАСТЫСЫ – ЕШҚАШАН ЖЕҢІЛМЕУ КЕРЕК»

2018 жылдың 11 мамырында Елбасы кітапханасында еліміздің ғылым мен шығармашылық саласының дамуына елеулі үлес қосқан табысты жандардың образын жастар арасында дәріптеуді көздейтін «Менің табысымның тарихы – елімнің табысының тарихы» шығармашылық кездесуі өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе ұйымдастырылды. Спикерлер ретінде «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, сондай-ақ республикаға танымал қоғам қайраткерлері шақырылды. Шараға жоғары оқу орнының студенттері, мектеп оқушылары, ғылым мен мәдениеттің жас қайраткерлері қатысты.

09.05.2018 | ҚЫМБАТТЫ ОТАНДАСТАР!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер ешқашан ұмытылмайды, аталарымыз бен әкелеріміздің ұлы ерліктері жадымызда жаңғырып, жүрегімізден мәңгілік орын алған. Бұл мереке – қайтпас қайсарлықтың, батырлықтың және туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдықтың нышаны. Осындай ғажайып мереке күні сіздерге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, ашық аспан, Отанның игілігі үшін биік жетістіктер тілейміз!   Құрметпен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының ұжымы

05.05.2018 | ҰЛЫ ЖЕҢІС ЖАДЫМЫЗДА ЖАҢҒЫРАДЫ. «ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ»

    2018 жылдың 5 мамырында Елбасы кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды» шарасы өтті. Шараның қатысушылары 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының маңызы, халықтың тарихи естеліктерінің қалыптасуы мен қоғамның моральді-өнегелі негіздері, қазіргі жастардың азаматтық-патриоттық тәрбиесі, оқушыларды ғылыми-зерттеу және іздену жұмыстарына тарту, жастардың халықаралық гуманитарлық ынтымақтастығын жандандыру туралы баяндамалар мен хабарламалар жасады.

04.05.2018 | ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАТЫРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТУРАЛЫ МУЗЕЙ САБАҒЫ

2018 жылдың 3 мамырында Елбасы кітапханасының Музейінде № 36 орта мектеп оқушыларына «Жәдігерлер сыр шертеді...» циклынан «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебесі және қару-жарағы» тақырыбында музейлік экскурсия-сабағы өткізілді. Сабақ бұрынғы Резиденцияның Жоғарғы Бас Қолбасшының төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары өткен тарихи залда жүргізілді. Қазір мұнда Н. Ә. Назарбаевқа мемлекет, үкімет басшылары және қоғам өкілдері тарту еткен бірегей қарулар топтамасы орналасқан.

03.05.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІ – МЕМЛЕКЕТТІК МАҚСАТҚА ЖЕТУДІҢ БАСТАМАСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің кезекті тыңдаушыларын сертификатпен марапаттау салтанаты өтті. Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облысының жоғарғы сынып оқушылары екі күндік оқу курстарын ойдағыдай тәмамдады. Оқу бағдарламасы төрт дәріс, екі тренинг, «Қазақстан жолы» интерактивті ғылыми-білім беру орталығында өткен жаттығулардан құралды. Іс-шараның алғашқы күнінде жастарға арнайы Елбасы кітапханасының Музейі мен ҚР Ұлттық музейі бойынша экскурсиялар ұйымдастырылды.

29.04.2018 | ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Халықтың бірлігі, бейбітшілік пен келісім – Ұлы Дала елінің өркендеуі мен көркеюінің негізі. Біз мемлекетіміздің әрі қарай табысты дамуына жағдай жасап, жаңа белестерді бағындыру, жаһандық идеяларды жүзеге асыру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, күш біріктіре білдік. Осындай көктемнің ғажайып күнінде сіздерге мерекелік көңіл күй, ұзақ өмір, туған-туыстарыңызға амандық-саулық, құт-береке тілейміз, ортақ мекеніміз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін! Қазақстан халқының бірлігі нығая түссін!

27.04.2018 | Y, Z БУЫНДАРЫ НЕГЕ ДАЙЫН БОЛУЫ КЕРЕК? ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДЫҚТАР ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде Елбасы кітапханасында жастардың өзекті мәселелері бойынша шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Болашақ мамандықтары: Y, Z буындары қандай бағытқа дайын болуы керек?» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырды.

27.04.2018 | АСТАНАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ДӘРІСІ

2018 жылдың 27 сәуірінде № 43 орта мектебінің оқушыларына елорданың 20 жылдығына арналған «Астана – тәуелсіз Қазақстан нышаны» көшпелі дәрісі өткізілді. Дәріскер, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің басшысы Назира Мусина Астананы құрудағы Мемлекет басшысының рөлін ашып, еліміздің бас қаласының негізгі қалыптасу кезеңдері, сәулет құрылыстарының тарихы, елордада өткен маңызды саяси-мәдени оқиғалар туралы баяндап берді.

Беттер