Жаңалықтар мұрағаты 2018

26.04.2018 | ТАЛДЫҚОРҒАН ЖӘНЕ ӨСКЕМЕН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМА ЖӘНЕ КӨҢІЛДІ КОНЦЕРТПЕН АЯҚТАЛДЫ

26 сәуір күні С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингін тәмамдады.  

26.04.2018 | ЕЛОРДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА «ЕЛБАСЫ МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» ТАНЫМДЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ

2018 жылдың 26 сәуірінде № 35 және № 53 мектеп-лицейінің оқушыларына «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» дәрісі өтті. Дәріскер, Елбасы кітапханасының Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің ғылыми қызметкері Жазира Кузгумбаева:

25.04.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ПІКІР БӨЛІСТІ

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Елбасы кітапханасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен І. Жансүгірұлы атындағы Жетісу мемлекеттік университеті студенттерінің басын қосты. Олар үшін «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің алғашқы күні басталды.

25.04.2018 | «ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫНДА» ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 24 сәуірінде Елбасы кітапханасының Музейі ғимаратында «Тәуелсіздік бастауында» экспозициясы ашылды. Аталмыш экспозиция Елбасы кітапханасы қызметкерлерінің «Музей жинағы» жобасы аясында ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі болып табылады және Қазақстан Республикасы президенттік институтының енгізілуіне орай іс-шаралар топтамасын ашты. Экспозицияны ашқан Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләйша Ақтаева:

24.04.2018 | ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА «ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НЕГІЗІ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Президенттік институт – Қазақстан Республикасы саяси жүйесін жаңғыртудың негізі» дөңгелек үстелі өтті. Іс-шара мақсаты – демократиялық мемлекет құрудағы президенттік институт маңыздылығын көрсету және Қазақстан Республикасы саяси жүйесінің негізгі элементі ретінде президенттік институттың қалыптасуы мен қызметіне қатысты білім кеңейту.

23.04.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫСТА ТОП ЖАРДЫ

21 сәуір күні Назарбаев орталығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімдері арасында зияткерлік викторина өтті. Іс-шара Президент Әкімшілігінің ұйымдастыруы мен ведомстволық қызметкерлер кәсіподағының қолдауымен өткізілді.

20.04.2018 | «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯЛАРЫНАН АЛАР ТАҒЫЛЫМ МОЛ»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Оңтүстік Қазақстан облысы жастарына арналған көшпелі экскурсиялары өз мәресіне жетті. Ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында ұйымдастырылған экскурсияларға бұл ретте Түлкібас агробизнес жəне саяхат колледжі мен Ақсукент гуманитарлық-агроэкономикалық колледжінің студенттері қатысты.

20.04.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЛОМОНОСОВ - 2018» АТТЫ XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында студенттердің, магистранттар мен жас ғалымдардың «Ломоносов – 2018» атты XIV Халықаралық ғылыми конференциясының секция отырыстары өтті. Астана күніне арналған конференция 20-21 сәуір аралығында жалғаспақ.

20.04.2018 | БАЛАБАҚШАДАҒЫ БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ МУЗЕЙ САБАҒЫ

2018 жылдың 20 сәуірінде № 61 «Шолпан» балабақшасында «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан «Менің шежірем – елімнің шежіресінің бөлшегі. «Б» әрпі» көшпелі музей сабағы өтті. Шара «Музей және балалар» (Бүлдіршіндерге арналған әліппе-жолкөрсеткіш) жобасы аясында жүргізілді. Отан қорғаушылар күніне арналған сабақ тартымды топтық жұмыс түрінде өткізілді. Балалар «Б» әрпімен және батырлық институтымен танысты.

20.04.2018 | «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ ГҮЛМИРА АБДРАШЕВА: «ЖАҚСЫЛЫҚ – АДАМДЫҚ ПАРЫЗ»

Ағымдағы жылдың 19 сәуірінде, екі күндік «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингі аясында Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Астана қаласы Басқару колледжінің студенттері «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Гүлмира Абдрашевамен кездесті.

19.04.2018 | АСТАНА МЕН АТЫРАУ ЖАСТАРЫ БІЛІМ КӨКЖЕГІН КЕҢЕЙТТІ

Ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде Елбасы кітапханасында өткен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингі Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен Астана қаласы Басқару колледжі студенттерінің басын қосты.

19.04.2018 | ВЬЕТНАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Вьетнам әлеуметтік қауіпсіздігінің министрі, генерал-полковник То Лам бастаған Вьетнам Социалистік Республикасының делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Қазақстан тарапынан шетелдік қонақтарды ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары, генерал-майор Марат Осипов алып жүрді.

18.04.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА КӨШПЕЛІ ЭКСКУРСИЯ ӨТКІЗДІ

2018 жылғы 17 сәуірде Елбасы кітапханасы «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы №11 Колледж студенттеріне арналған көшпелі экскурсияларды жүргізді. «Тұңғыш» көшпелі тақырыптық экскурсиялар топтамасы Қазақстан Республикасындағы президенттік институтты бекіту күні қарсаңында өткізіліп отыр.

18.04.2018 | ТУҒАН ЖЕР – АЛТЫН БЕСІК. «ТҰРАН-АСТАНА» УНИВЕРСИТЕТІНДЕ МАЗМҰНДЫ ДӘРІС ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұсынылған «Туған жер» бағдарламасының аясында «Тұран-Астана» университетінің 2 курс студенттеріне «Туған жер – алтын бесік» көшпелі дәрісін өткізді.

18.04.2018 | «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ МУЗЕЙ САБАҚТАРЫ

2018 жылдың 17 сәуірінде Елбасы кітапханасының Музейінде «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласының № 2 Ғ.Қайырбеков атындағы мектеп-гимназияның оқушыларына музей сабағы өткізілді.

Беттер