Жаңалықтар мұрағаты 2018

12.01.2018 | САРАПШЫЛЫҚ ПІКІР. ҚАЗАҚСТАН БҰҰ ҚК ҚҰРАМЫНДА: АЛҒАШҚЫ ЖЕТІСТІКТЕР

Еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызу жұмысқа кіріскенінен бір жыл өтті. Соғыс пен бейбітшілік мәселелері шешілетін халықаралық басты алаңдағы қазақстандық дипломатияның белсенділігін бақылай келе, көпке дейін сақталар елеулі нәтижелер таяу тұрғанын айтуға болады.

10.01.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ САРАПШЫЛАРЫ ПРЕЗИДЕНТТІҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖАҢА ЖОЛДАУЫ ТУРАЛЫ

10 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды. Онда еліміздің 2018 жылғы даму бағыттарының 10 басымдықтары қамтылған.

09.01.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ: СМАҒҰЛ САДУАҚАСҰЛЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы назарларыңызға «Рухани жаңғыру: Мәңгілік ел алыптары» ақпараттық жобасын ұсынады. Оның алғашқы шығарылымы қазақтың таңдаулы саяси қайраткері Смағұл Садуақасұлына арналады.

08.01.2018 | ҮЛКЕН САЯСАТ. ПРЕЗИДЕНТ-2017

Бұл – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен 2017 жылғы халықаралық өмір айнасының елеулі оқиғаларын айшықтайтын бірегей фотоматериалдар жинағының жаңа атауы. Фотоальбом Елбасы кітапханасына өткен жылдың желтоқсанында берілген. Басылымның фотосуреттері Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен шет елдердегі мемлекет және үкімет басшыларымен, шет елдік саяси және қоғам қайраткерлерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездесулерін бейнелейді.

05.01.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ЕЛБАСЫ ЖОЛЫ. БЕЙБІТШІЛІК КІНДІГІНДЕ» КӨРКЕМ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМІ БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы музейінде «Елбасы жолы. Бейбітшілік кіндігінде» көркем фильмінің түсірілімі басталды. Қазақстан Президенті туралы кино топтамасының алтыншы фильмінің режиссері Ақан Сатаев. Фильмде Қазақстанның жас елордасы – Астананың 1994 жылдан бүгінге дейінгі даму тарихы суреттеледі.

05.01.2018 | ОРЫНДАЛАТЫН МІНДЕТ. «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы қызметінің негізгі бағыттарының бірі жастар мен ересек тұрғындар арасындағы жүйелі білім беру және мәдени-ағарту жұмыстары болып табылады.

04.01.2018 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫНДА»: ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БҰҰ

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіне орай «Ел тарихы Елбасы кітапханасының жәдігерлері мен мұрағат құжаттарында» ақпараттық жобасының кезекті шығарылымында еліміздің бүкіләлемге әйгілі ұйымның бейбітшілікті қолдау және нығайту қызметіне қатысуына байланысты жәдігерлер ұсынылған. Елбасы кітапханасының кәдесый бұйымдары мен нумизматика топтамасында БҰҰ-ның 50 жылдығына әзірленген жәдігерлер қатары сақталған.

03.01.2018 | ТАРИХИ ОҚИҒА: БҰҰ ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУІ БАСТАЛДЫ

2018 жылдың 1–31 қаңтарында Қазақстан тарихында алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететін болады. Төрағалық етерден бұрын Кеңес мүшелерімен Қазақстан үшін маңызды мәселелер жөнінде келісімдер жасалып, ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оған Орта Азия және Ауғанстан, лаңкестікке қарсы күрес мәселелері жөніндегі қарарларды ілгерілету енгізілді.

01.01.2018 | МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖАҢА 2018 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Санаулы сәттерден соң біз күнтізбенің жаңа парағын ашып, 2018 жылды қарсы аламыз. Жаңа жыл – барша жұрт ізгі тілекпен, үкілі үмітпен, ақ ниетпен асыға күтетін айрықша мереке. 2017 жыл Тәуелсіздік жылнамасында ерекше із қалдырған оқиғаларға толы болды. Ата заңымызға өзгеріс енгізіп, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру үшін маңызды қадам жасадық. Бабалар дәстүрінен нәр алып, болашақтың бағдарын айқындайтын Рухани жаңғыру жолын бастадық.

Беттер