Жаңалықтар мұрағаты 2018

25.10.2018 | САРАПШЫЛАР ПІКІРІ. КОРЕЙ ТҮБЕГІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫ ТАРАТПАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

Ағымдағы жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Гүлзат Көбенова мен Геосаясат және өңірлік зерттеулер қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Жансая Жабина «Корей түбегіндегі жағдай және ядролық қаруды таратпау саласындағы Қазақстанның рөлі» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен еліміздегі Корея Республикасының елшілігі ұйымдастырды.

24.10.2018 | «ТҰҢҒЫШ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Елбасы кітапханасының «Нұр Отан» партиясының мүшелері «Бірлік» Астана қалалық филиалы «Тұңғыш» бастауыш ұйымының есеп беру және сайлау жиналысын өткізді. Бүгінде бастауыш ұйымның құрамында 117 адам бар. Оның 2017 жыл және 2018 жылдың 9 айындағы атқарған жұмысы туралы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Елбасы кітапханасы директорының бірінші орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов баяндады.

24.10.2018 | АСТАНАДА VIIІ ҚАЛАЛЫҚ АЗАМАТТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

2018 жылғы 24 қазанда Назарбаев орталығының ғимаратында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Қазақстан халқына арналған Жолдауда жарияланған Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру аясында тиімді ынтымақтастықтың перспективалары» атты VIIІ қалалық азаматтық форум өтті.

24.10.2018 | ШЕШЕНДЕР САЙЫСЫ

Терең ойға, ұтқыр шешім мен тапқыр қисынға негізделетін шешендік өнердің сирек кездесетін қасиет-дарын екені көпке мәлім. Жақында белгілі қазақ жырауларына тән ділмарлықты мақсат еткен «Нұр Отан» партиясы жастарының арасында көпшілік алдында сөз сөйлеуден сайыс өтті. ТED үлгісінде ұйымдастырылған іс-шара аясында сөйлеушілер ойын еркін жеткізіп, тыңдаушылармен тығыз байланыс орната алды.

23.10.2018 | МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ: ӨРКЕНДЕУ МЕН ОДАН ӘРІ ДАМУ

2018 жылғы 20 қазанда Елбасы кітапханасының әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Әсия Оспанова Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелге қатысты.

22.10.2018 | ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫ АЙМАҚТАНДЫРУ. ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯСЫ

2018 жылғы 18 қазанда Фридрих Эберт атындағы Қор өкілдігі ұйымдастырған «Орталық Азияны аймақтандыру. Қазақстан стратегиясы» атты конференцияға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының халықаралық ғылыми жобалар қызметінің аға ғылыми қызметкері  Осман Досов қатысты.

22.10.2018 | ЖАС ӨРЕНДЕР СҮЙІКТІ АСТАНАНЫҢ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Елбасы кітапханасы Қазақстан  елордасының 20 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасын жалғастыруда.   «Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Н.Назарбаевтың саяси бастамалары» атты Елбасы кітапханасының білім беру жобасы аясында Астана қаласы №10 мектеп-гимназияның 7 «г» сынып оқушыларына «Астанатану» элективті курсы шеңберінде сабақ өткізілді.

19.10.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КОМПОЗИТОР, АҚЫН ТӨЛЕГЕН МҰХАМЕДЖАНОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылғы 19 қазанда Елбасы кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі композитор, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» Орденінің иегері, Астана қаласының құрметті азаматы  Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кездесуі өтті. «Көксерек», «Махаббат бекеті», «Біржан сал», «Құнанбай» және басқа да композициялардың авторы, талантты тұлғамен жүздесуге Астана қаласы оқу орындарының студенттері ғана емес, Маңғыстау өңірінен семинар-тренингке қатысуға келген оқушылар да қатысты.

19.10.2018 | СИРЕК СУРЕТТЕР: ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АРХИВІ ЖАҢА ҚҰЖАТТАРМЕН ТОЛЫҚТЫРЫЛДЫ

Елбасы кітапханасының ғылыми ізденушілері Атырау облысынан олжалы оралды. Экспедиция барысында мамандар өңірдің даму тарихы туралы сыр шертетін суреттер мен құнды құжаттарға қол жеткізді. Бұл суреттерді көрнекті қоғам қайраткерлері мұрағатқа сый ретінде тарту етті. Олар: Қазақстан ЛЖКО Махамбет аудандық, Гурьев облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы болған Мәдина Ғабдысәлімқызы, сондай-ақ өңірдің балық шаруашылығы тарихында аңызға айналған тұлға Қайыржан Әлиев, 2003-2010 жылдары Махамбет ауданының әкімі болған Рысқали Сисатов. 

18.10.2018 | ҚАЙРАТ АБДРАХМАНОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ: «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТҚА АЙНАЛДЫ»

Жуырда Назарбаев орталығында «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының   Қазақстандағы 20 жылы: ынтымақтастық және жетістіктер» халықаралық конференциясы өтті.  Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен өткен маңызды шараны ұйымдастырушылар қатарында болды. ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы ынетымақтастық туралы және  конференция жұмысының барысы туралы арнайы сұхбат берді.

17.10.2018 | ӘЛІПБИДІҢ БАС ӘРПІ - АСТАНА

2018 жылғы 17 қазанда елордадағы №35 «Ертегі»  балабақшасының тәрбиеленушілері үшін ««А» әрпі. Кішкентайларға арналған әліпби бойынша нұсқаулық» атты көшпелі музей сабағы өткізілді. Елбасы кітапханасының «Музей және балалар» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған іс-шара Астанамыздың 20 жылдығына арналды.

17.10.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА – ОЗАТ ОҚУШЫЛАР

Бүгін  маңғаз Маңғыстау мен ерке Ертістің бойынан келген жасөспірімдер Назарбаев орталығының көркіне көрік қосты.  Елбасы кітапханасы ұйытқы болған семинар-тренингтің осы жолғы қатысушылары – еліміздің екі облысының ең үздік оқушылары.

16.10.2018 | ИВЭН ЛАМОС, «EURACTIV» ХБО-НЫҢ МУЛЬТИМЕДИА ДИРЕКТОРЫ (БРЮССЕЛЬ, БЕЛЬГИЯ): «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫН КӨРГЕНДЕ МАҒАН ЕУРОПА ЕЛЕСТЕДІ»

Елбасы кітапханасына келетін мәртебелі меймандар арасында шетелдік журналистер де көп. Солардың бірі - Бельгиядағы «Euraractiv» халықаралық баспасөз орталығының мультимедиа директоры Ивэн Ламос жуырда кітапхана көрмелерін аралап, әсерімен бөлісті. Ивэн мырзаның Астанаға келген мақсаты – Қазақстанның Еуропалық Одақпен қарым-қатынасы жөнінде репортаж әзірлеу.

15.10.2018 | БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ «ТУҒАН ӨЛКЕМ» КӨРМЕСІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы тәрбиеленушілерінің дипломдық жұмыстарынан тұратын «Туған өлкем» көрмесінің ашылуы өтті.

15.10.2018 | ЖАПОНИЯ ТҰРҒЫНДАРЫ ЕЛБАСЫ ИДЕЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ

Бүгін күншығыс елінің қонақтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасына келді. Экспозициялармен танысқан Сока Гаккай Интернэшнл зайырлы будда ұйымының өкілдері «ұйымның мақсаты мен міндеттерінің Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем қалыптастыру жолындағы идеяларымен үндесетіндігін» - атап өтті.

Беттер