Жаңалықтар мұрағаты 2018

26.09.2018 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘР ӨҢІРІНЕН КЕЛГЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАҒЛЫМЫ МОЛ СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

25 қыркүйекте Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына кәсіби қайта даярлау курсына келген 76 тыңдаушыға  «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, арнайы сертификаттар тапсырылды.

24.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МУЗЕЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЗАМАНАУИ СУРЕТШІЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының Музейінде кескіндеме және сәндік-қолданбалы өнер топтамасынан тұратын «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты көрме ашылды. Елбасы кітапханасының музей жинақтарынан құралған көрме Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралардың жалғасы болып табылады.

21.09.2018 | НАЗАРБАЕВ ОРТАЛЫҒЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

2018 жылғы 21–22 қыркүйекте Назарбаев орталығында Халықаралық Бейбітшілік күніне арналған «Орталық Азия Біріккен Ұлттар Ұйымының І Халықаралық Моделі» атты халықаралық конференция өтті. Халықаралық конференция өз жұмысын 21 қыркүйекте «Қазақстан және Біріккен Ұлттар Ұйымы: 25 жылдық әріптестік және табысты ынтымақтастық – жаһандық бейбітшілік, тұрақтылық және орнықты даму мақсатындағы Қазақстан Республикасының бейбіт бастамалары» тақырыбына арналған сессиямен бастады.

20.09.2018 | «ЕЛБАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ БАСТАМАЛАРЫ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ МЕН БЕДЕЛІН АРТТЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ

2018 жылдың 20 қыркүйегінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында «Елбасының сыртқы саяси бастамалары – Қазақстанның халықаралық мәртебесі мен беделін арттыру факторы ретінде» дөңгелек үстелі өтті.

19.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында Атырау мұнай және газ университетінің студенттеріне арналған «Рухани жаңғыру: Болашаққа бастар жол» семинар-тренингі өтті.

19.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МАХАМБЕТ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН «ТАРИХИ ТАҢДАУ» КӨШПЕЛІ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫН ҰСЫНДЫ

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі аясында Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғындары үшін көшпелі тақырыптық экскурсиялары жүргізілді.

19.09.2018 | «НАЗАРБАЕВ МОДЕЛІ: СТРАТЕГИЯЛЫҚ БОЛЖАМ ЖӘНЕ ПРАГМАТИЗМ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2018 жылдың 19 қыркүйегінде Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Назарбаев моделі: стратегиялық болжам және прагматизм» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» кешенді көшпелі көрме жобасының маңызды бір бөлігі болып табылады.

18.09.2018 | АТЫРАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН «ЕЛБАСЫ Н. Ә. НАЗАРБАЕВ: ӨМІРБАЯНЫ МЕН ЖАСАМПАЗ ИДЕЯЛАРЫ» СЕМИНАРЫ

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Елбасы кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Елбасы Н. Ә. Назарбаев: өмірбаяны мен жасампаз идеялары» семинары өтті. Семинардың мақсаты Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолын насихатта арқылы жас ұрпақтың бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту болып табылады.

18.09.2018 | ҚР МЕМЛЕКЕТТІК КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ПРЕЗИДЕНТТІК ОРКЕСТРІНІҢ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде Атырау облысы әкімдігінің алдындағы алаңда өңір жұртшылығы үшін ҚР Мемлекеттік Күзет қызметі Президенттік оркестрінің мерекелік концерті өтті.

18.09.2018 | АТЫРАУДА «Н. НАЗАРБАЕВ: ДӘУІР, ТҰЛҒА, ҚОҒАМ» КӨШПЕЛІ ҚОР КӨРМЕ ЖОБАСЫ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Атырау облысы Ш. Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

18.09.2018 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ МАХМҰД ҚАСЫМБЕКОВ Х. ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне барды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі көрме жобасы аясында білім ордасының профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушы жастармен кездесу өткізді.

18.09.2018 | ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЙШЫҚТЫ БЕЛГІСІ. ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАМЫЗҒА АРНАЛҒАН ДӘРІС

2018 жылдың 18 қыркүйегінде Елбасы кітапханасының Музейінде Экономика, технология және тамақ өндірісін стандарттау колледжінің студенттеріне арналған «Теңге – ел тәуелсіздігінің нышаны» дәрісі өтті.

17.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ИНДЕР ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН «ТАРИХИ ТАҢДАУ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫН ҰСЫНДЫ

2018 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі аясында Атырау облысы Индер ауданының тұрғындары үшін көшпелі тақырыптық экскурсиялары ұйымдастырылды.

17.09.2018 | «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДАҒЫ «ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАРЫ» АЙМАҚТЫҚ КӘСІБИ СЕССИЯСЫ АШЫЛДЫ

2018 жылдың 17 қыркүйегінде Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында музей, архив және кітапхана салаларының қызметкерлеріне арналған «Елбасы кітапханасының ақпараттық ресурстары» аймақтық кәсіби сессиясы ашылды. Сессия Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

Беттер