Жаңалықтар мұрағаты 2018

15.09.2018 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ КЕҢСЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ М.Б.ҚАСЫМБЕКОВ АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛОРДА СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу Елбасы кітапханасының студенттердің қатысуымен ұйымдастырған екі күндік «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренинг аясында өтті.

14.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасында дәстүр бойынша қыркүйек айында мектеп пен жоғары оқу орындарының жазғы демалысынан кейін жоғары сынып оқушылары мен студенттерге арналған семинар-тренингтерді өткізу жаңарып отырады.

14.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ – ЕЛОРДА ТУРИСТЕРІНІҢ КӨЗАЙЫМЫНА АЙНАЛҒАН ЕРЕКШЕ ОРТАЛЫҚ

Назарбаев орталығы ғимараты ашылған сәттен бастап Қазақстан елордасының негізгі нысандарының біріне айналды. Оның қайталанбас сәулетті келбеті қала тұрғындары мен қонақтарын еріксіз өзіне тартады, ал туристік компаниялар шетелдік қонақтарға арналған міндетті шаралар тізіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бойынша экскурсияны енгізген.

12.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА ҰЛТАРАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФЕССИЯАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ СТРАТЕГИЯСЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША САРАПТАМАЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2018 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында мемлекеттік органдардың сарапшылары, ҒӨБ, этномәдени және діни бірлестіктер, талдау құрылымдары, Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжінің оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен ұлтаралық және конфессияаралық келісім стратегиясына арналған сараптамалық кездесу өтті.

10.09.2018 | «ЕУРАЗИЯ ЖҮРЕГІНДЕ». ЕЛОРДА ТУРАЛЫ ДӘРІС

Үстіміздегі жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасында Астана қаласының «№47 балабақша-мектеп-гимназия» кешенді мемлекеттік мекемесінің 9–11 сынып оқушыларына «Еуразия жүрегінде» экскурсия мен танымдық дәрісі өткізілді.

06.09.2018 | АСТАНАДА АУҒАНСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы Талдау орталығының ғылыми сарапшылары «Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» өңірлік конференциясына қатысты.

06.09.2018 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА». ПАРСЫ ШЫҒАНАҒЫ ЕЛДЕРІМЕН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ ҮНҚАТЫСУ

«Ел тарихы Елбасы кітапханасының жәдігерлері мен архив құжаттарында» ақпараттық жобасы қалың жұртшылықты Елбасы кітапханасының экспозицияларында ұсынылған немесе қорында сақталған жәдігерлермен таныстыруын жалғастырады. Барлық жәдігерлер Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың ел ішіндегі және сыртқы саясаттағы көп қырлы қоғамдық-саяси қызметінің түрлі аспектілерін айшықтайды.

05.09.2018 | «ТУҒАН ЖЕР» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ АЯСЫНДА МУЗЕЙ САБАҒЫ ӨТТІ

2018 жылдың 4 қыркүйегінде Елбасы кітапханасының Музейінде «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана қаласының № 47 балабақша-мектеп-гимназия кешенінің оқушыларына музей сабағы өткізілді.

04.09.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ. «ҚАРА АЛТЫН» ӨНДІРІСІНІҢ ТАРИХЫ

2 қыркүйекте Қазақстанның мұнай-газ саласының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Қыркүйектің бірінші жексенбісінде атап өтілетін бұл мерекенің тарихы кеңес дәуірінен келе жатыр. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2003 жылы кәсіби мереке ретінде ресми түрде бекітілді.

01.09.2018 | ЕЛБАСЫ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

www.akorda.kz Елбасы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде халық қалаулыларын Парламенттің жаңа сессиясының ашылуымен құттықтап, алтыншы шақырылымның депутаттық корпусы жоғары кәсібилік көрсетіп, Үкіметпен өзара үйлесімді ықпалдастық танытқанын атап өтті.

29.08.2018 | ӘЛЕМ ЕЛДЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ағымдағы жылдың 25 тамызында жоғары жылдамдықты радиотелеграфиядан елімізде алғаш рет Әлем чемпионаты басталды. Радиоспорттың бір саласы саналатын жоғары жылдамдықтағы радиотелеграфия Морзе әліпбиінің көмегімен хабарламаларды қабылдап, жіберуге негізделеді. XV әлем чемпионатына түрлі жастағы 17 мемлекеттің (Қазақстан, АҚШ, Германия, Швейцария, Словения, Ресей, Беларусь, Моңғолия, т.б.) 150-ден астам азаматы қатысып отыр.

27.08.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

2018 жылғы 27 тамызда, Білім күні қарсаңында Елбасы кітапханасы №78 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» мерекелік сабағын өткізді.

25.08.2018 | «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙМЫЗ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

2018 жылдың 22 тамызында «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» тұңғыш партия ұйымы өткізген «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясының аясында Елбасы кітапханасының қызметкерлері ата-анасының қарауынсыз қалған балалар мен жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

23.08.2018 | ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН «ІІ АБАЙ ОҚУЛАРЫ» ӘДЕБИЕТ САЙЫСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

2018 жылдың 23 тамызында Елбасы кітапханасында негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының жаһандық бастамаларының бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына ақпараттық-имидждік қолдау..

Беттер