Жаңалықтар мұрағаты 2018

20.08.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ФОТОАРХИВІ: ЕСТЕЛІКТЕР МЕН ӨРЕСІ БИІК ӨНЕРДІҢ МОЛ ҚАЗЫНАСЫ

«Аса көрнекті фотосурет – анықтықтың емес, сезімнің тереңдігі» Питер Адамс     Фотосуреттер өміріміздің ажырамас бір бөлшегіне айналғанына да біраз жылдың жүзі болды. Жылда 19 тамызда жер шарының түкпір-түкпірінде фотосурет ісінің шеберлері мен әуесқойлары Дүниежүзілік фотосурет күнін атап өтеді.

15.08.2018 | РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН МЕЙМАНДАР: ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҮЛГІСІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУГЕ ТИІСПІЗ!

Жыл сайын біздің еліміз бен жас елордамызға деген қызығушылық арта түсуде. Ішкі және сыртқы туризмнің өсу қарқыны Елбасы кітапханасына келушілер қатарының еселенуіне өз үлесін қосуда. Күн сайын алыс-жақын шетелдерден келген меймандар Назарбаев орталығы мен Елбасы кітапханасы Музейінің экспозицияларымен танысуын жалғастырып келеді.

13.08.2018 | ҚҰРАНДАР КӨРМЕСІ

Қасиетті Құрбан Айт мерекесі қарсаңында Елбасы кітапханасы келушілерге «Құран коллекциясы» көрмесін ұсынады.

10.08.2018 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА»: ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ТАРТУ-ТАРАЛҒЫЛАР

Cпорт пен туризм саласы тәуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күннен бастап Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың тікелей назарында болып, ұлттық бірегейлігіміз бен отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудың ең басты бағыты деп қарастырылды. Мемлекет басшысының отандық және шетелдік спортшылармен, олимпиадалық қозғалыстардың жетекшілерімен кездесулері нәтижесінде кәдесыйлар топтамалары, марапаттар және спортшылардың қолтаңбасы қойылған спорт жабдықтары жинақталды.

09.08.2018 | ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңыш Президенті – Елбасы кітапханасы қала тұрғындары мен қонақтарын, олардың ішінде еліміздің түрлі өңірлері мен шет мемлекеттерден келген меймандарды белсенді түрде қарсы алуда.

07.08.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ

Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар

06.08.2018 | ҚАСІРЕТТІ КҮННЕН ЕСТЕЛІК. 6 ТАМЫЗ – ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ТЫЙЫМ САЛУ ҮШІН КҮРЕСТІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК КҮНІ

Бүгін – Хиросима және ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіләлемдік күні. «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» ұйымының шешімімен атаулы күн адамзат тарихындағы ең жойқын апат – Хиросимаға бомба тасталған күні (1945 жылғы 6 тамыз) атап өтілетін болды. Ядролық шабуылдан қаланың басым бөлігі қирап, 200 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тауып, із-түссіз жоғалып кетті. Радиоактивті сәуледен зиян шеккен тұрғындардың 160 мыңнан астамы жарақатталып, сәулелі аурудан әлі де жан тапсырып жатыр.

02.08.2018 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА»: ПРЕЗИДЕНТ ПЕН МЕМЛЕКЕТКЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ БЕЛГІСІ

Біз «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫНДА» жобасының аясында оқырмандарды Елбасы кітапханасы қорының Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа мемлекет басшылары, дипломаттар мен компания жетекшілерінің сыйға берген жаңа жәдігерлерімен таныстыруды жалғастырамыз. Картиналар, кәдесыйлар, ұлттық мәдениет пен өнердің туындылары Қазақстанның жаңа тарихының маңызды оқиғаларын еске салады және халықаралық қауымдастықтың біздің Президент пен мемлекетімізге деген жоғары құрметінің дәлелі болып табылады.

01.08.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР КОЛЛЕКЦИЯСЫ. ДОНАЛЬД ТРАМП СЫЙҒА ТАРТҚАН КІТАП

Елбасы кітапханасының «Жеке коллекциялар» кітаптар галереясы жаңа басылыммен толықты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штаттарының басшысы Дональд Трамп «PLANET GOLF USA. The Definitive Reference to Great Golf Courses in America» атты  кітабын сыйға тарту етті.

31.07.2018 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ШІЛДЕ, 2018 ЖЫЛ)

Гейдар Алиев қорының ұйымдастыруымен Каннда Әзербайжан мәдениетінің күндері басталды 14 шілдеде, мәдениет күндері аясында Канн қаласының Фестиваль-конгресс сарайында «Любовный тандем» («Махаббат жұбы») атты көрме ашылды. Аталмыш көрме белгілі Әзербайжан суретшілері Лятиф Фейзуллаев пен Ваджии Самедованың туындыларынан құрылды.

27.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА КИНО КӨРСЕТІЛІМІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Елбасы кітапханасында Астана туралы деректі фильмдердің көрсетілімі өтті. Іс-шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының өкілдері «Избранный временем» («Уақыттың өзі таңдаған») и «Астана – город мира, добра и надежды!» («Астана – бейбітішік, мейірім мен үміт қаласы») фильмдерін тамашалады.

26.07.2018 | АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ – АШЫҚ ҚОЛДАНЫСТА

2018 жылдың 23–25 шілде аралығында Елбасы кітапханасында Мемлекет басшысының Жеке архивіндегі аса құнды құжаттарды айқындау және шектеу қойылмаған ашық архивтік құжаттарды анықтау бойынша Жұмыс комиссиясының отырысы өтті.

25.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫ ЖАҢА ЖӘДІГЕРЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей қоры Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевқа мемлекет басшылары, дипломаттар мен компания басшыларының тарту еткен сыйлықтарымен толықтырылып тұрады. Ақордада үстіміздегі жылдың сәуірінде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясының, Өзбекстан Республикасының, Түрікменстан және Италия Республикасының Төтенше және өкілетті елшілерінен сенім грамотасын қабылдау рәсімі өтті.

24.07.2018 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ УКРАИНАНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ ИВАН КУЛЕБА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

24 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Иван Кулеба бастаған делегация Елбасы кітапханасына ат басын бұрды. Мәртебелі меймандар қатарында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, ҚР СІМ мен Украина елшілігінің қызметкерлері болды.

Беттер