Жаңалықтар мұрағаты 2018

20.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАП КОЛЛЕКЦИЯСЫ РАРИТЕТ БАСЫЛЫММЕН ТОЛЫҚТЫ

Елбасы кітапханасының сирек кездесетін коллекциялық, көне баспа басылымдары қорында «Азия жүрегінде. Памир – Тибет – Шығыс Түркістан. Свен Гединнің 1883-1897 жылдардағы саяхаты» атты екі томдық кітап жинағы сақтаулы тұр.

19.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫМЕН ТАНЫСУ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бірегей мәдени-ағартушылық, ғылыми-білім беру кешені ретінде елорда тұрғындары мен қонақтарының көзін еліктіреді. Көптің көңілінен шыққан мәдени орталық еліміздің өткені мен жарқын болашағын бейнелейтін қос ғимаратта орналасқан.

18.07.2018 | «ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ: КІТАПТАР, ЖӘДІГЕРЛЕР, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ» ЖОБАСЫ:

Биыл – елорда жиырма жылдығын атап өту жылы. Осы орайда аталмыш жобаның кезекті шығарылымы Елбасы жеке архивінің қорында сақтаулы тұрған Астана тарихынан сыр шертетін құжаттар мен материалдарға арналады.

16.07.2018 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ҚОШКЕ КЕМЕҢГЕРҰЛЫ

Белгілі алаш қайраткері Қошке (шын аты - Қошмұхамбет) Кемеңгерұлы – көрнекті ғалым, ағартушы, жазушы-драматург. Қазақ халқының рухани дамуына елеулі үлесін қосқан бұл тұлға педагогика, журналистика, тарих, әдебиет, тіл салалары бойынша қомақты мұра қалдырды.

13.07.2018 | «ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ: КІТАПТАР, ЖӘДІГЕРЛЕР, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ» ЖОБАСЫ: ТАРТУЛЫҚ ҚАЛТА САҒАТ

Барша қазақстандықтар 6 шілдеде елорда жиырма жылдығын атап өтті. Атаулы мерекенің Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келетіні баршаға мәлім. Жаһандық деңгейдегі саясаткердің көптеген халықтармен байналысқан өмірі мен қызметі ұлттар тарихының негізгі кезеңдерін баяндайды.

13.07.2018 | ӨМІР СҮРУ ҚҰҚЫҒЫ. ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «Н.НАЗАРБАЕВ – ЖАҺАНДЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ» ЭКСПОЗИЦИЯСЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Н. Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» жаңа тұрақты көрмесі ашылды.  

12.07.2018 | ФОТОГАЛЕРЕЯ «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ЕЛБАСЫ»

Астана күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қос ғимаратында «Әлем таныған Елбасы» фотогалереясы ашылды. Фотогалереяда сыртқы саяси байланыстарымыздың панорамасы, Қазақстан Республикасының заманауи халықаралық аренадағы маңызды оқиғалар мен үрдістерге қатысуы Елбасының Жеке архив қорынан ұсынылған фото және видеоматериалдар көмегімен көрсетілген.

11.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАП КОЛЛЕКЦИЯСЫ ТАТАРСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ ТАРТУЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

«Елбасы кітапханасының кітап коллекциясы» жобасы оқырмандарды жаңа түсімдермен таныстыруды жалғастырады. Оның кезекті шығарылымы Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Татарстан Республикасына ресми сапары барысында алған тартулық басылымдарға арналады.  

10.07.2018 | GGG ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУЛЕРІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа тарту еткен чемпиондық белбеулері бүгінде «Қазақстандағы олимпиада қозғалысы» атты Елбасы кітапханасының тұрақты экспозициясында жұртшылық назарына ұсынулы.

05.07.2018 | СІЗДЕРДІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕРЕКЕСІ – ЕЛОРДА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

<Қымбатты қазақстандықтар!   Сіздерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күнімен құттықтаймыз! Бұл – Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ барша қазақстандықтар үшін де айтулы күн. Биыл сүйікті елордамызға 20 жыл толғалы отыр.

03.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА БҮЛДІРШІНДЕР СҮЙІКТІ ЕЛОРДАНЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Үстіміздегі жылдың 3 маусымында Астананың 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Елбасы кітапханасының Музейінде «Бала және мәдениет» жобасы аясында қаланың ең кішкентай тұрғындарына арналған «Гүлдей жайна, Астана!» балалар мерекесі өтті.

03.07.2018 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 28 маусымында Елбасы кітапханасы директорының орынбасары және Ғылыми кеңес төрағасының орынбасары, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әмірхан Рахымжановтың төрағалығымен кезекті Ғылыми кеңестің отырысы өтті. Отырысты ашқан Әмірхан Рахымжанов Ғылыми кеңестің күн тәртібіне белгіленген сұрақтарына тоқталды.

Беттер