Жаңалықтар мұрағаты 2020

19.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚР ҚК ҰЛТТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

19 ақпан күні Елбасы кітапханасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» ММ мен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы» РММ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

18.02.2020 | БІЗ БІЛЕТІН ЕЛБАСЫ: ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

Елбасы кітапханасының жинақтары оқырмандарды жаңа түсімдермен таныстыруды жалғастырады. Оның кезекті шығарылымы «Біз білетін Елбасы» үштомдығына арналады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ғылыми кеңесінің баспаға ұсынған еңбегі Н.Ә. Назарбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолын, егемендікті қалыптастыру мен дамытудағы тарихи рөлін анықтау мақсатында жүргізілген ізденістердің нәтижесінде іріктелініп, таңдамалы әңгімелердің жинағы ретінде оқырманға жол тартты.

17.02.2020 | ЖАҚСЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСУДА

Елбасы кітапханасының елорданың мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Жәдігерлер сөйлейді...» топтамасынан көшпелі мұражай сабақтарын өткізуі жақсы дәстүрге айналған. 14 ақпан күні № 5 «Ақбота» балабақшасында «Менің шежірем – ел шежіресінің бір бөлшегі» атты сабақ өтті. Сабақ Елбасы кітапханасы музейінің залдарына шолу жасайтын «Әліппе – жол сілтеуші» түрінде өтті. Балалар ойын мен танымдық экскурсиялардың бірегей  үйлесімін ұсынатын «Әліппе – жол сілтеуші» арқылы отандық тарихтың жарқын беттерімен және таңқаларлық мұражай жәдігерлерімен танысады.

14.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНА ТЫҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚҰЖАТПЕН РАСТАДЫ

Алматы қаласында бүгін Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжат мәдени-білім беру, ғылыми-зерттеушілік жобаларды ортақтаса іске асыруды, сондай-ақ мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын бірге ілгерілетуді көздейді.

13.02.2020 | ЖАҢА МАУСЫМДА ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖИНАЛДЫ

Елбасы кітапханасындағы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» оқу курсының жаңа толқыны – студенттер білім көкжиегін кеңейтті. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері биылғы жылдың жаңартылған  екі күндік оқу курсын ойдағыдай аяқтады.

13.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

13 ақпан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Келісімге қол қою - екі мекеме арасында бұрыннан қалыптасқан ынтымақтастықтың қисынды жалғасы болды.

12.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ. ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМГЕ ЖОЛ

«Ядролық қарусыз әлемге жол: Елбасы бастамалары» атты ғылыми жинақ Қазақстанның жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі бастамасы тұрғысынан көрсетеді. Жинақ мазмұны  1945 жылғы 6 тамызда Америка Құрама Штаттарының жапон қаласы Хиросимаға алғашқы атом бомбасын тастау оқиғасынан басталып, 2018 жылғы 29 тамызда, елорданың 20-жылдық мерекесіне орай  Нұр-Сұлтан қаласында Семей ядролық полигоны мен Қазақстанның ядролық қаруға қарсы күресу тарихына арналған «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің ашылуымен аяқталады.

12.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕМИНАР-ТРЕНИНГТЕРІ. МАУСЫМ – 2020

Бүгін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» семинар-тренингінің жаңа толқыны – қазақстандық студенттер Елбасы кітапханасына келді. Биылғы жылдың жаңартылған оқу курсын алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері тыңдайды.

11.02.2020 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» - 2020

«Болашаққа жол өзіңнен басталады» - 2020  семинар-тренингі ертең, 12 ақпанда Назарбаев орталығының ғимаратында өтеді. Оған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері қатысады.  Басталуы 9.00 сағатта.

10.02.2020 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ, ОРТАЛЫҚТАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (ҚАҢТАР, 2020 ЖЫЛ)

Nike Обама орталығының спорттық кешенін салуға 5 миллион доллар бөледі Әлемге әйгілі «Nike» спорттық киім бренді Обама қорына жастарға салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Чикаго қаласындағы Обама президенттік орталығының заман үлгісіне сай спорт алаңын салуға 5 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр.

07.02.2020 | ӨЗБЕКСТАННАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР ӨЗГЕШЕ КҮЙГЕ БӨЛЕНДІ

Дәулеті мен сәулеті жарасқан елордаға келген қонақтар Елбасы кітапханасына соқпай кетпейді. Ерекше сәулеттілігімен көздің жауын алатын ғимаратты осы жолы шекара асып келген ала шапанды ағайындар да көруге асыққан екен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға келген Ажинияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының бір топ студенттері мен ұстаздары  Елбасы кітапханасына атбасын бұрды.

06.02.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Бүгін Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған  кітаптардың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер рәсімін іс-шараның модераторы Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов ашты:

05.02.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН БАСТАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

6 ақпан күні, 15-00 сағатта Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жасампаз идеялары мен жаһандық бастамаларына арналған мына кітаптардың тұсаукесері өтеді: «Н.Назарбаев: көшбасшылық стратегиясы»; Елбасы замандастары естеліктері. «Біз білетін Елбасы»; - «Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, қазіргі жағдайы және болашағы»;

03.02.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ТОПТАМАСЫ. ҚҰРМЕТТІ ЛЕГИОН ОРДЕНІНІҢ ҮЛКЕН КРЕСІ

Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасы арасындағы достық қатынастарының  негізі 1992 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың осы елге ресми сапары кезінде қаланды. Сол кезде достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шартқа қол қойылды, соның нәтижесінде екі ел арасындағы гуманитарлық байланыстар кеңейіп, экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық артты. 2008 жылы Н.Ә. Назарбаевқа Құрметті легион орденінің Үлкен кресі табыс етілді.  

Беттер