2020 ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЭКСКУРСИЯЛАРЫ

Жаңа жылдың алғашқы күндері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына ел өңірлерінен келген қонақтардың, сондай-ақ шетелдік туристердің келуімен есте қалды.

Осы жылдың 3 - 5 қаңтар аралығында Елбасы кітапханасының қос ғимаратына 1000-ға жуық қонақ келді. Шетелдік саяхатшылардың басым бөлігі көршілес Ресей мен Қытайдан келген..

  

Экскурсия қызметі мамандарының айтуынша Елбасы кітапханасы қала қонақтары арасында аса танымал көрнекті орындардың бірі және елордадағы міндетті түрде барып тамашалайтын ғимарат ретінде туристік фирмалардың тізіміне енген. Бұған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені елорданың Алматыдан Ақмолаға (қазіргі - Нұр-Сұлтан) көшірілген кезінен бастап Тұңғыш Президенттің алғашқы резиденциясы болған Елбасы кітапханасының музейі мен Назарбаев орталығындағы жәдігерлермен танысқан саяхатшылар тәуелсіз Қазақстанның қалай қалыптасқанын, оның тарихы мен мәдениетін, өткен 28 жыл ішіндегі басты әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың маңызын түсіне де сезіне де алады.

Экскурсия соңында отандастарымыз бен шетелдік қонақтар экскурсия жүргізуші мамандарға алғыстарын айтып, ғимараттың көркемдігі мен ерекшелігі және жәдігерлер туралы масаттанған пікірлерін білдіріп жатады.