Жаңалықтар мұрағаты 2020

17.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ IV «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАУ АЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаты: – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;

16.05.2020 | ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ СЫРТҚЫ САЯСАТ САЛАСЫНДА «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕГЕМЕНДІ МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫН» ІСКЕ АСЫРУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы Халықаралық қатынастар қызметінің Аға ғылыми қызметкері М.Сембаева   «Біз аяғымыздан тік тұрып,  дұрыс өмір сүргіміз келсе,  осы жолға түсуіміз керек» ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы    

15.05.2020 | ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ. БАУЫРЖАН РАҚЫШЕВ

Елбасы кітапханасы оқырмандарын еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан кейінгі буын өкілдерімен таныстыруды жалғастырады. Жобаның кезекті шығарылымы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сайысында 28 мыңға жуық дауыс жинап, 5000-нан астам үміткер арасында «Медицина» саласы бойынша жеңімпаз атанған Бауыржан Рақышевқа арналады.

14.05.2020 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КҮМІСТІҢ МӘҢГІЛІК СӘУЛЕСІ» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан  «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады. «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Көрме барлығы 126 сақтау бірліктен тұрады.

13.05.2020 | NEW NATION JOURNAL: «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ: БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ҮЛГІСІ»

Елбасы кітапханасы  «NN Journal» («New Nation Journal») қоғамдық-саяси және ғылыми-танымдық журналының жаңа нөмірін шығарды. №1(5) /2020 шығарылымы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған, тақырыбы «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісім үлгісі».

12.05.2020 | COVID-19 ІНДЕТІНЕ ҚАРСЫ ЖОБА, ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН БІРЕГЕЙ ТОПТАМА, БҰРЫНҒЫ АҚШ ПРЕЗИДЕНТТЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН КОНФЕРЕНЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫҢ ӘЛЕМДІК ДАЙДЖЕСІ (СӘУІР, 2020 ЖЫЛ)

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Гейдар Әлиев қорының, Міндетті медициналық сақтандыру жөніндегі мемлекеттік агенттіктің, Медициналық-аумақтық бірліктерді басқару қауымдастығының және Әзірбайжан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен REACT-C19 жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – Әзірбайжанның ауруханаларында COVID-19 жұқтырған науқастарды емдеудің негізгі дағдыларын жедел дамыту.  

11.05.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН

11 мамыр күні дарынды ғалым, әдебиеттанушы, шығыстанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз КСР ҒА академигі, қазақстандық археология мектебінің негізін қалаушы – Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 116 жыл толды. Академик Сырдария, Талас, Шу өзендерінің бойы мен Тараз, Отырар, Сайрам, Сауран, Сығанақ сияқты қалалар мәдениетін әлемге танытты. Ә.Марғұланның есімі Орталық Қазақстандағы қола дәуірінің өркениеті болған Беғазы-Дәндібай мәдениетімен тікелей байланысты.

09.05.2020 | СІЗДЕРДІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймыз! Миллиондаған сарбаздың шексіз ерлігі әрқашан біздің жүрегімізде сақталады, әрі Отан қорғаушылардың жаңа буыны үшін үлгі болмақ. Сол сұрапыл соғыстың батырлары қазіргі бейбіт әлемге, біздің тәуелсіздігімізге жол салды. Олардың батылдығы мен ержүректілігінің арқасында Қазақстан бүгінде – халқының бірлігі жарасқан, бейбітшілік пен келісімде тату-тәтті өмір сүріп жатқан тәуелсіз мемлекетке айналды.

09.05.2020 | «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ХИУАЗ ДОСПАНОВА

«Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бес жүзден астам қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың батыр ұл-қыздарының ерліктері ұрпақ жадында өшпестей із қалдырды». Н.Ә.Назарбаев

08.05.2020 | ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ЖЕҢІС КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Қадірлі отандастар! Ардақты ардагерлер! Баршаңызды Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 9 Мамыр – әрдайым бәріміздің мерейімізді үстем ететін күн. Бұл күні біз адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларды ерекше құрметпен еске аламыз.

08.05.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Сұрапыл соғыс жылдарында жаратылысы нәзік болса да, сайдың тасындай сарбаздардан кем түспей, қайтпас қайсар қайратымен қан майданда ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының есімдері ел есінде. Солардың бірегейі, қазақ қыздарының арасынан тұңғыш рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған  пулеметші – Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова.

07.05.2020 | СЕРТІНЕ БЕРІК САРДАР

1992 жылғы 7 мамырда Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Жарлыққа сай жасақталған дербес әскер еліміздің құрыш қалқанына айналып, 28 жылда талай белестерді бағындырып үлгерді. Отан қорғаушылар күні қарсаңында мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын  қорғайтын  айбынды әскердің тізгінін ұстаған  Ұлы Отан соғысының ардагері, армия генералы Сағадат Қожахметұлы туралы сөз тиегін ағытамыз.

06.05.2020 | СІЗДЕРДІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қымбатты қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! 1992 жылғы 7 мамырда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ұлттық Қарулы Күштері құрылды. Жыл сайын бұл маңызды күн – Ұлы Жеңіс күнін мерекелеуге жол ашады. Бейбіт күндегі біздің Қарулы Күштеріміз – Ұлы Отан соғысы батырларының лайықты мұрагерлері,  әрі батылдық пен ерліктің жарқын үлгісі. Қазақстандықтар бостандық пен тәуелсіздік жолында жанын қиған барлық буынның ерліктерін есте сақтайды.

Беттер