Жаңалықтар мұрағаты 2020

06.05.2020 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА

Қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлова Екінші дүниежүзілік соғыстың аты аңызға айналған батырына айналды. Ұлы даланың өжет қызы Ұлы Отан соғысы жылдары 80-ге жуық фашист солдаты мен офицерінің көзін жойған. Әлия 19 жасында майдан шебінде ерлікпен қаза тауып, оған Кеңес одағының Батыры жұлдызы беріледі.

06.05.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ ОТАН ҚОРҒАУШЫ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! 1992 жылы 7 мамырда мен Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойдым. Тәуелсіздік алған сәттен бастап біз еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қарулы қақтығыстардың алдын алуға, Қарулы күштерді дамыту мәселелеріне әрдайым ерекше мән бердік. Қуатты және қабілетті армия ­– егемен елдің маңызды атрибутының бірі.

06.05.2020 | ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 75 ЖЫЛ. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Қазақстандық жауынгерлер Сталинград үшін шайқаста» виртуалды көрмесін ұсынады. «Сталинград шайқасы» музей-қорығының (Волгоград қ.) қорынан виртуалды көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Ресей Федерациясы Елшілігінің және Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің бастамасымен арнайы қазақстандық көрермендер үшін дайындалды.

05.05.2020 | МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. РАҚЫМЖАН ҚОШҚАРБАЕВ

Рақымжан Қошқарбаев - Берлинге шабуыл жасау кезінде Берлиндегі Рейхстаг ғимаратының қасбетінде жерлесіміз Григорий Булатовпен бірге қызыл туды алғашқы болып тіккен атышулы Ұлы Отан соғысының офицері. Бұл тарихи оқиға 1945 жылдың 30 сәуірінде болды. Осы ерлігімен қазақтың айбынды және ержүрек азаматы Екінші дүниежүзілік соғысының тарихына енді.

04.05.2020 | «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75-жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бірқатар көрмелер мен іс-шараларды  жоспарлады. Белгілі себептерге байланысты көрмелер Елбасы кітапханасының сайты мен Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің және «Sputnik Қазақстан» жаңалықтар агенттігінің сайттары арқылы әлеуметтік желілерде көру үшін қолжетімді электрондық форматқа көшті. 

04.05.2020 | «ЕЛІН СҮЙГЕН ЕЛБАСЫ». ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҮЗДІК МУЗЕЙЛІК САБАҚҚА ОНЛАЙН-БАЙҚАУ БАСТАЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріне арналған Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдері арасында үздік музейлік сабаққа республикалық онлайн-байқау жариялайды. Байқаудың мақсаты - мемлекеттің қалыптасуы, Тәуелсіздік алу, Қазақстанның халықаралық кеңістікке интеграциялануы, елдің экономикалық және мәдени жаңғыруы, тұрақты дамуын нығайту жолындағы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің тарихи рөлін ашу.

30.04.2020 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ұлттық болмысымызды айқындайтын асыл қасиеттеріміз – достықты, сенімді және патриотизмді дәріптейді.

30.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ

Екінші дүниежүзілік соғыста біздің ержүрек отандастарымыз жауынгер бабаларының даңқты жолын лайықты жалғастыра білді. Олар қазақтың қайсар, рухы биік, батыр халық екенін дүние жүзіне дәлелдеп берді. Арын – байрақ, намысын найза еткен ерлердің қаһармандығы аңызға айналды. Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Бес жүзден астам қазақстандық жауынгер Кеңестер Одағының Батыры атанды. Талғат Бигелдинов, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Хиуаз Доспанова сынды қазақтың батыр ұл-қыздарының ерліктері ұрпақ жадында өшпестей із қалдырды.

30.04.2020 | ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНА – 25 ЖЫЛ. «ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» виртуалды көрмесін дайындады.

29.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН

«Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең қатыгез әрі қантөгісті соғыс ретінде бағаланады. Бұл фашизмге қарсы жалпыұлттық күрес болды. Мәскеу мен Сталинград түбіндегі қатыгез соғыста Курс пен Днепрде мыңдаған совет солдаттары өз бастарын қатерге тікті. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин сынды Қазақстанның әскерлері де жеңіс үшін жан алысып, жан берісті. Біздің жерлестеріміздің есімі мен ерлігі біз үшін аса бағалы». Нұрсұлтан Назарбаев

28.04.2020 | «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫҚ ТҰЛҒАСЫ».НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНДА ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЭССЕ БАЙҚАУЫ

Шығыстың ұлы ғалымы, философы, математигі, музыка теоретигі Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына байланысты Елбасы кітапханасы Нұр-Сұлтан қаласында оқитын 7-11 сынып оқушылары арасында үздік эссе Байқауын жариялайды. Жұмыстың тақырыбы – «Ұлы даланың ұлық тұлғасы».

28.04.2020 | «ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІН ҰЛЫҚТАҒАН МЕКЕН» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Ұлттар мәдениетін ұлықтаған мекен» виртуалды көрмесін ұсынады.

28.04.2020 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ». ДИНАРА ШҮКІЖАНОВА

«Ұлы дала тарландары» атты Елбасы кітапханасының ақпараттық жобасының кезекті кейіпкері республикалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы – Динара Шүкіжанова. Өзінің еңбек жолын Динара Шүкіжанова Қостанай облыстық жастар қозғалысынан бастады, қысқа мерзімде ол елдің ірі ауылшаруашылық техникаларын шығаратын кәсіпорындарының бірінде топ-менеджер деңгейіне дейін көтерілді.  

Беттер