Жаңалықтар мұрағаты 2020

28.04.2020 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ». ДИНАРА ШҮКІЖАНОВА

«Ұлы дала тарландары» атты Елбасы кітапханасының ақпараттық жобасының кезекті кейіпкері республикалық «Қазақстанның 100 жаңа есімі» байқауының жеңімпазы – Динара Шүкіжанова. Өзінің еңбек жолын Динара Шүкіжанова Қостанай облыстық жастар қозғалысынан бастады, қысқа мерзімде ол елдің ірі ауылшаруашылық техникаларын шығаратын кәсіпорындарының бірінде топ-менеджер деңгейіне дейін көтерілді.  

24.04.2020 | ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ – МЕМЛЕКЕТТІЛІК ТІРЕГІ

1990 жылғы 24 сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет президенттік институт құрылып, сол кезде өткен Жоғарғы Кеңес отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Бұл айтулы оқиғалар Қазақстанның мемлекеттігі мен егемендігінің нығаюында, сондай-ақ еліміздің та­бысты дамуында маңызды рөл атқарған президенттік инсти­тут­тың қалыптасуының бас­тамасы болды.

24.04.2020 | ЕЛБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРҒАН АТА-БАБА АРМАНЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Ә.М.Рахымжановтың  «Президенттік басқару нысаны: конституциялық негіз және саяси тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференцияда сөйлеген сөзі  

24.04.2020 | ЖАҢА ЖОБА БАСТАУ АЛДЫ. «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОЛ: СЫРТҚЫ САЯСАТ». ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Біздің республикамыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері барша әлемде қолдау тауып, танылды. Жас Қазақстан қалыптасуының алғашқы күндерінен бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың аса маңызды міндеттерінің бірі әлемнің барлық елдерімен дипломатиялық қатынастар орнату болды. Осы жылдары орасан зор жұмыстар атқарылды, Елбасының басшылығымен құрылған Қазақстанның сыртқы саяси байланыстары жоғары өзара сенім, құрмет және ынтымақтастыққа негізделді.

23.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ». ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ

20.08.1997 ж. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазушы Қасым Қайсеновпен кездесуі Бүгін аты аңызға айналған партизан, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтің туған күні. Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан партизан жауынгер, қазақтың қайсар ұлы Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын кезеңдері туралы қалам тербеген көрнекті жазушы.

23.04.2020 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КҮНІ

23 сәуір - барша әлемде Кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Бұл күн 1995 жылы өткен ЮНЕСКО-ның 28-ші сессиясында жарияланды. Кітап күні көптеген елдерде кітап көрмелері мен жәрмеңкелері өткізіледі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Адамды қалыптастыратын екі нәрсе, бірі оның қандай шығарманы оқитыны болса, екіншісі - оның кіммен қарым-қатынас жасайтыны», - деген сөздерін қазақстандықтардың жаңа буынына арнаған болатын. Нұрсұлтан Әбішұлы балаларға да, ересектерге де кітап оқудың маңыздылығын әрдайым айтады.

21.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Елбасы кітапханасы «Мәңгілік ел алыптары» ақпараттық жобасы аясында Отанымызды фашист басқыншыларынан азат еткен Кеңес Одағының батырлары - қазақстандықтар туралы материалдар топтамасын жариялайды. Бүгінгі тақырып – Халық Қаһарманы, аты аңызға айналған қолбасшы, танымал жазушы және нағыз халық батыры Бауыржан Момышұлына арналады.

20.04.2020 | «ЕЛ ТАРИХЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖӘДІГЕРЛЕРІ МЕН АРХИВТІК ҚҰЖАТТАРЫНДА» ЖОБАСЫ: «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ» ТҮС КІЛЕМІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында сақталған сәндік-қолданбалы өнер туындыларының ішінде ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бәтима Зәуірбекованың  «Қожа Ахмет Ясауи кесенесі» гобеленінің алар орны  ерекше.

17.04.2020 | БІЗ БІЛЕТІН ЕЛБАСЫ: ҚАЖЫРЛЫ ҚАЙРАТКЕР

«Біз білетін Елбасы» жобасының кезекті шығарылымы қалың кітаптың екінші томына арналады. Таңдамалы әңгімелерді қамтитын оның алғашқы бөліміне Қ. Абдуллаев, Қ.Әлиев, Б.Ахметқалиев, М.Жұрынов, М.Ахметова, Ө.Әкімов, Ү.Байжомартов, С.Досмағамбетов, С.Құбашев, Қ.Салғараұлы, И.Сауэр, Р.Сисатов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінің естеліктері кірген.

16.04.2020 | ЭКОЛОГ ӘСЕЛ БАЙМҰҚАНОВА: «БІЗ ИТБАЛЫҚТАРДЫ ҚҰТҚАРУЫМЫЗ КЕРЕК»

Елбасы кітапханасының сайтында «Ұлы дала тарландары» арнайы ақпараттық жобасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасына қатысушыларының тарихы жарияланады. Жобаның идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған және табыстылықты, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді және білімге құштарлықтың үлгілерін Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан нақты адамдардың өмір жолдары арқылы  ілгерілетуге бағытталған.

15.04.2020 | «ЖАСАМПАЗ ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ: КІТАПТАР, ЖӘДІГЕРЛЕР, АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ СӨЙЛЕЙДІ» ЖОБАСЫ: «СҰҢҚАР» СУРЕТІ

«Жасампаз еліміздің тарихы: Кітаптар, жәдігерлер, архив құжаттары сөйлейді» ақпараттық жобасы қалың жұрттың назарына бірегей жәдігерлерді ұсынуды жалғастырады. Елбасы кітапханасының қоры мен экспозицияларында сақтаулы тұрған бұл жәдігерлер Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевқа өзге мемлекет басшылары мен делегациялардың, халықаралық орталықтар мен түрлі компаниялардың жетекшілері тарту еткен сыйлықтары.

13.04.2020 | «МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ» ЖОБАСЫ. ҚАНЫШ СӘТБАЕВ

12 сәуір елімізде ғылым күні атап өтіледі. Мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 164 Жарлығымен белгіленген. Дәл осы күні Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді – бұл Қаныш Сәтбаевтың туған күні.

Беттер