Жаңалықтар мұрағаты 2021

26.02.2021 | ТҮРІКМЕНСТАН ЕЛШІСІ БАТЫР РЕДЖЕПОВТЫҢ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА САПАРЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейін Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Батыр Реджепов аралады.  Мәртебелі мейман Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихынан сыр шертетін музей экспозицияларының мазмұнымен танысты.

26.02.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА АӨСШК ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Бүгін АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай бастаған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес делегациясы Елбасы кітапханасына келді. АӨСШК өкілдері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболатпен кездесті. Мекеме басшысы қонақтарды Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың мұрасы мен тәуелсіз мемлекетіміздің жетістіктерін насихаттауға бағытталған Елбасы кітапханасының қызметімен таныстырды.

26.02.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ СЕМИНАРЫНА УКРАИНА ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Украинадағы Каменское қаласының жоғары кәсіби училищесінің жастарына онлайн-семинар өтті. Бұл оқу орнында Нұрсұлтан Назарбаев 1958-1960 жылдары білім алған болатын. Іс-шара «Қазақстан жолы: жетістіктер мен жаңару жолы» халықаралық ғылыми-білім беру жобасының аясында өтті. Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова тәуелсіз Қазақстан тарихы мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет жолындағы маңызды кезеңдерге тоқталды.  

26.02.2021 | «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

1 наурыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) Алғыс айту күніне арналған «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

25.02.2021 | БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ: ҚАБІЛЕТ, ӘУЕСТІК» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтті.

25.02.2021 | «БОЛАШАҚҚА ЖОЛ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ» ЕНДІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ!

25 ақпанда Елбасы кітапханасының ұйымдастыруымен Astana IT University және Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттеріне арналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренинг өтті.

24.02.2021 | Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған челлендж. Елбасы кітапханасы жыр көшін жалғады

Биыл Қазақстанда жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы тойланғалы отыр. Осыған орай, «Өнер бізді біріктіреді» поэтика челленджі басталды. Елбасы кітапханасы Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры және Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайы жолдаған эстафетаны қабыл алып, төмендегі роликпен жауап береді.

24.02.2021 | «ҰЛЫ ДАЛА ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ: ЖАҢАША ОЙ МЕН ТЫҢ КӨЗҚАРАС» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін Елбасы кітапханасында «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырды.

24.02.2021 | Балалар көркемсурет мектебі оқытушыларының «Шығармашылық: қабілет, әуестік» атты көрмесінің ашылуы өтеді

2021 жылғы 25 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтеді.

23.02.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстан жолы: жетістіктер және жаңғыру ізімен» халықаралық ғылыми-білім беру жобасы бастау алды. Жобаның мақсаты – Қазақстанның жаңғырту моделін жан-жақты және кешенді талдау.

23.02.2021 | БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А (сол жағалау) мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратына келе беруге болатынын және экскурсиялық турлардың қайта жалғасатынын қонақтарымызға қуана хабарлаймыз. Музей күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді. Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі.

22.02.2021 | ИОРДАНИЯ ХАШИМИТ КОРОЛЬДІГІНІҢ ЕЛШІСІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІНЕ КЕЛДІ

Иордания Хашимит Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Юсуф Абдулғани Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының бұрынғы резиденциясында орналасқан Елбасы кітапханасының музейінде болды. Бұл ғимаратта Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1997-2004 жылдар аралығында астананы еліміздің орталығына көшіргеннен кейін жұмыс істеді. Құрметті қонақ тарихи ғимаратта ұсынылған бірегей экспозициялармен танысты.

22.02.2021 | «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

24 ақпанда 15:00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде (Ә.Бөкейхан, 1А) «Ұлы Дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас»халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.

Беттер