9 айлық нәтижесі бойынша Білім бағдарламасы аясында 77 іс-шара өткізілді

       Ағымдағы жылдың 9 айлық нәтижесі бойынша Білім бағдарламасы аясында 77 іс-шара өткізілді: дәрістер, музейлік сабақтар, «Астана – арман қала», «Білім әлеміне саяхат» мерекелік сабақтары, шеберлік-сыныптары, ҚР Білім және ғылым министрі М. Әбеновпен кездесу сабақ, «Жастардың бойында лидерлік қасиеттерді дамыту», «Астанатану» элективті курстары, экскурсия-сабақтары, «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапиялық сессиясы, ашық есік күндері, қалалық және республикалық пікірталас турнирлері. Алғашқы рет Астана қ. мұғалімдері үшін «Музей педагогикасының негіздері» оқу курсы апробацияланды. Музей жанындағы тарих пәні мұғалімдерін оларға біліктілік санатын беру үшін аттестациялау бойынша сынақ алаңы аясында «Аттестация – шығармашылыққа жету жолдары», «Аттестация учителей – составная часть повышения мастерства учителя» қалалық семинарлары өткізілді.

      Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Білім бағдарламасы тыңдаушыларының саны есептілік мерзім ішінде 2872 адамды қамтыды. Олардың арасында қала мектептерінің оқушылары, елордалық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтар мен ата-аналар, балабақша тәрбиеленушілері, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қызметкерлері.