АҢДАТПА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС» БЕЙНЕКӨРМЕСІ

23 маусым күні аталып өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында  «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты виртуалды    бейнекөрмесін ұсынады.

Бейнекөрме материалдары көрермендерге спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  бастамалары туралы баяндайды.

«Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» виртуалды бейнекөрме материалдарымен ертең, 23 маусымда www.presidentlibrary.kz сайтының «Виртуалды көрмелер» бөлімінде танысуға болады.