«АСТАНАДАҒЫ ЕҚЫҰ-2010 САММИТІНІҢ ТАРИХИ МӘНІ МЕН ӨЗЕКТІЛІГІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

19 ақпанда сағ. 15:00-де «Астанадағы ЕҚЫҰ-2010 саммитінің тарихи мәні мен өзектілігі» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырады.

Конференция аясында пленарлық отырыс пен «Астана декларациясының қол жеткізген нәтижелері», «ЕҚЫҰ қызметі: Еуроатлант және Еуразия қауіпсіздік қоғамдастығы» сесииялары жоспарланған.

Шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы, Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линде, ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмид, саммит тұсында (2010) ЕҚЫҰ төрағасы, ҚР сыртқы істер министрі болған қоғам қайраткері Қанат Саудабаев, ЕҚЫҰ бас хатшысы болған (2005-2011) Марк Перрен де Бришамбо, Елбасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кеңсесі Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Әділ Тұрсынов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, ЕҚЫҰ бағдарламалары кеңсесінің басшысы Дьердь Сабо, т.б.қатысады.

Конференцияға отандық, шетелдік саясатшылар, академия қауымдастығының өкілдері мен Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің уәкілдері шақырылған.

 

Онлайн-конференцияға қатысатын БАҚ өкілдері Zoom желісіндегі логині мен өтінімін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com поштасына 18 ақпанға дейін жіберуі тиіс.

 

БАҚ тіркеу сауалымен келесі нөмірлерге қоңырау шалуға болады: 8(7172) 69-30-56, 69-30-78, 8 705 296 53 96