«АСТАНАТАНУ» БАС ҚАЛАНЫҢ ТАРИХЫН ПАШ ЕТТІ

Тұңғыш Президент күніне Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметі ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық іс-шараларды дайындады.

Осы орайда, «Астанатану» элективті курсының аясында №13 орта мектептің оқушыларына «Нұр-Сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» дәрісі жүргізілді.

Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері Нәзира Мусина Елбасы жеке архиві мен Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінен алынған бірегей құжаттарды назарға ұсынды. «Тылдағы ақмолалықтардың еңбегі мен ерлігі», «АЛЖИР», «Ұлы Отан соғысы жылдарынағы Ақмола», «Тың игерудің бас қаласы», «Нұр-Сұлтан – тәуелсіз Қазақстанның нышаны» деген тақырыптарға бөлінген материалдардың арқасында оқушылар астананың тарихмен танысу мүмкіндігіне қол жеткізді.

 

 

Тәрбие жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі Эльмира Баратова қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, Елбасы кітапханасының дәрісін жоғары бағалады:

– Елбасы кітапханасының тәрбиелік мәні зор көшпелі ғылыми-білім беру жобалары әлі де жалғасын табады деген үміттемін. Туған елдің, туған жердің тарихын білген балалар үшін өте маңызды. Кеше, бүгін, ертең болсын, балаларымыз үшін елорда қашан да ыстық болатынына сенемін. Елбасы кітапханасының кезекті іс-шараларын енді асыға күтеміз, - деп ол алғыс білдірді.

 

  – Қала тарихынан сыр шерткен дәріс мазмұнды болды. Сурет жүзінде бір қатар жаңа деректерді біліп қалдық. Нұр-Сұлтандықтарға қаланың құрылуы, дамуы,       болашағы әрдайым қызық болып қала бермек, - деді 9 сынып оқушысы Полина Калита.

 

.