БАКУ МАРАФОНЫ, ЫММЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕГІ ЭКСКУРСИЯ ЖӘНЕ ҚҰРСАУДАҒЫ ЛЕНИНГРАД ДАУЫСЫ. ТОЛЫҒЫРАҚ МӘЛІМЕТТІ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІНЕН ОҚИ АЛАСЫЗДАР

БАКУ МАРАФОНЫ-2019

2019 жылғы 5 мамырда Гейдар Алиев Қорының бастамасымен «Баку марафоны - 2019» өтті. Аталған марафонға қатысу үшін 22 320 адам тіркелді. Жарысқа Әзірбайжан азаматтарымен қатар АҚШ, Аустрия, БАӘ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Франция, Иран, Ресей, Испания, Италия, Түркия, Украина, Уганда және басқа да елдердің өкілдері қатысты. Бұдан басқа, марафонға Әзірбайжанда тұратын және жұмыс жасайтын 300-ден астам шетелдіктер, оның ішінде БАӘ, Қытай, Үндістан, Ирак, Иран, Қазақстан, Литва, Марокко, Өзбекстан, Түркия, Түркменстан және басқа да елдердің елшіліктері мен дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлері қатысты. 

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4833/%D0%91%D0%B0%D0%BA%D0%B8%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9-%D0%BC%D0%B0%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%BE%D0%BD-2019

 

ӘЗІРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ИЛЬХАМ ӘЛИЕВ ГЕЙДАР ӘЛИЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

Гейдар Алиев Қорының 15 жылдығына орай және Әзірбайжанның қоғамдық және мәдени өміріндегі табысты қызметі үшін Республика президенті аталған қордың қызметкерлерін марапаттауға өкім етті.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4834/%D0%A0%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%8F%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5-%D0%9F%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B8%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0-%D0%90%D0%B7%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B9-%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8--%D0%9E-%D0%BD%D0%B0%D0%B3%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B8-%D1%81%D0%BE%D1%82%D1%80%D1%83%D0%B4%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%BE%D0%B2-%D0%A4%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D0%B0-%D0%93%D0%B5%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D0%90%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2%D0%B0

 

ГЕЙДАР ӘЛИЕВ ҚОРЫ ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА ЕЛДІҢ БІРНЕШЕ АЙМАҒЫНДА АУЫЗАШАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

22 мамырда Гейдар Әлиев Қоры қасиетті Рамазан айында Шамахин ауданында ауызашар ұйымдастырды. Атап өтерлігі, Қор қасиетті Рамазан айы ішінде бірқатар аудандарда ауызашар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Шамахин ауданындағы Жұма мешітінде ұйымдастырылған ауызашарға 300-ге жуық адам қатысты. Аталған мешітке Гейдар Әлиев Қорының «Төзімділікке бастар жол: Әзірбайжан» жобасы аясында күрделі жөндеу жүргізілген болатын.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view

 

ГЕЙДАР ӘЛИЕВ ОРТАЛЫҒЫНДА АУТИЗМ МӘДЕНИЕТІНІҢ І ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

31 мамырда Әзірбайжанда алғаш рет аутизм дертіне шалдыққан балалар үшін аутизм мәдениетінің І фестивалі өтті. Іс-шараны Гейдар Әлиев Қорының қолдауымен «Балалардың бақытты болашағы» қоғамдық бірлестігі, «Бәріміз бірге және деніміз сау» қоғамдық бірлестігі және «Үмітіміз бар» қайырымдылық бірлестігі бірлесе ұйымдастырды.

https://heydar-aliyev-foundation.org/ru/content/view/59/4865/%D0%92-%D0%A6%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%80%D0%B5-%D0%93%D0%B5%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B0-%D0%90%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2%D0%B0-%D0%BF%D1%80%D0%BE%D1%88%D0%B5%D0%BB-I-%D0%A4%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D1%8C-%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D1%8B-%D0%B0%D1%83%D1%82%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D0%B0

 

ВЛАДИМИР ШЕВЧЕНКО ІІ ДӘРЕЖЕЛІ «ОТАН АЛДЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ҮШІН» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

23 мамыр күні Кремльдегі Екатерина салтанат залында Ресей Президенті Владимир Путин мемлекеттік марапаттарды табыстаудың дәстүрлі салтанатты рәсімін өткізді. Бұл күні 37 адам,  оның ішінде Ельцин атындағы Президенттік орталықтың Басқарма мүшесі В.Н.Шевченко де марапатқа ие болды.

https://yeltsin.ru/news/vladimir-shevchenko-nagrazhden-ordenom-za-zaslugi-pered-otechestvom-ii-stepeni/

 

ЮРИЙ РОСТТЫҢ КӨРМЕСІМЕН – ЫММЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ

Ельцин Орталықтың өнер галереясында «Юрий Рост. Адамдар» көрмесі бойынша эускурсия-әңгімелесу өтті. Көрме есту қабілеті нашар жандарға арналып, экскурсия жүргізушісінің сөзі ыммен сөйлеу тіліне айналдырылды. Аталған экскурсияға келушілердің көпшілігі Юрий Росттың көрмесіне екінші қайтара келіпті. Оның себебі, адамдар суреттерді қайта көргісі, экспозицияның тағы бір маңызды бөлігі – мәтіндермен де қайта танысқысы келеді екен. Сондай-ақ, суретші жұмыстарының топтамасы арқылы өздеріне оң әсер алғысы келеді. Юрий Рост көрменің ашылуында осы көрменің басты мағынасы өз өмірінде кездескен және таспада қалған адамдар болғанын, қарым-қатынас бақыты, сөйлеу бақыты және түсіністікке жету – оның суреттері осылар туралы екенін алға тартты.

https://yeltsin.ru/news/po-vystavke-yuriya-rosta-na-yazyke-zhestov/

 

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ЕҢБЕК КІТАПШАСЫ

 1 мамыр - Еңбеккерлердің халықаралық ынтымақтастық күніне орай Борис Ельцин музейі «Толық нұсқа. Еңбек кітапшасы» атты кезекті экскурсия дайындапты. Бұл экскурсия  Кремльдің 14-ші корпусындағы президенттік кабинеттің ішкі көрінісіндей реконструкцияланған «Жетінші күн» экспозициясында өтуде. «Толық нұсқа» топтамасынан нүктелік экскурсиялар әдетте бір жәдігердің, бір оқиғаның, бір құбылыстың немесе бір адамның тарихына арналады. Бірінші мамырлық экскурсия еңбек кітапшасының жалпы тарихына ғана емес, сондай-ақ Борис Елььциннің еңбек кітапшасына дербес арналған. Оны дайындаған және өткізген музейді дамыту бөлімінің басшысы Людмила Старостова.

https://yeltsin.ru/news/trudovaya-knizhka-prezidenta/

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ЧАЙКОВСКИЙДІҢ БАСТЫ ЖАУҺАРЛАРЫНЫҢ БІРІНІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУ ТАРИХЫНЫҢ БЕЛГІСІЗ БЕТТЕРІ ТУРАЛЫ СЫР ШЕРТЕДІ

2019 жылғы 7 мамырда музыка әлемі Петр Ильич Чайковскийдің туғанына 179 жыл толуын атап өтеді. Композитор шығармасын құрметтеушілер үшін биылғы жыл ерекше – наурыз айның соңында Чайковскийдің басты жауһарларының бірі «Евгений Онегин» операсының алғашқы қойылымына тура 140 жыл толды. Композитор осы шығарма бойынша Ресей, Швейцария, Италия, Францияда жұмыс жасады…Композитордың күмәніне қарамастан аталған шығарма бірден бүкілхалықтық атаққа ие болды.

https://www.prlib.ru/news/1183092

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА ҚОРШАУДА БОЛҒАН ҚАЛАДАҒЫ СУРЕТШІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АЙТАДЫ

Президенттік кітапхананың «Петербургский дневник» және «Радио России – Санкт-Петербургпен» бірлесе бастамашыл еткен блокада туралы мәліметтерді жинау бойынша ауқымды акциясы барысында ленинград және петербург тұрғыны Елизавета Курочкина хабарласты. Оның атасы – танымал суретші-график Иван Королёв соғыс уақытында да сурет салуын жалғастырыпты. Ол алғашқы блокадалық қатал қысқа шыдаса да 1942 жылғы көктемде эвакуациялау жолында қайтыс болады. 

https://www.prlib.ru/news/1183019

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНА – ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ

Президенттік кітапхана Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74-жылдығы қарсаңында келесі жылы болатын мерейтойлық күнге дайындықтың басталуы туралы жариялады.

https://www.prlib.ru/news/1182948

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАНЫ 10 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАУДА

Әлеуметтік желілерде Президенттік кітапхананың 10 жылдығына орайластырылған «Президенттік кітапхананы құттықта!» акциясы жалғасуда. Президенттік кітапханаға қысқа видеоролик ретінде түсірілген құттықтаулар түрлі адамдардан ағылуда. Еске салар болсақ, 2019 жылғы 27 мамырда Ресейдің алғашқы ұлттық электрондық кітапханасы - Президенттік кітапхананың ашылғанына 10 жыл толады. Мерейтой қарсаңында «ВКонтакте» және «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі мекеменің ресми топтарында «Президенттік кітапхананы құттықта!» акциясы өтуде. 

https://www.prlib.ru/news/1183854

 

АҚЫН ОЛЬГА БЕРГГОЛЬЦТІҢ СӨЗІ ҚОРШАУДАҒЫ

ЛЕНИНГРАД ӨМІРІНЕ ДЕМЕУ БОЛДЫ

2019 жылғы 16 мамырда –  ақын, қоршаудағы Ленинградтың дауысы болған Ольга Фёдоровна Берггольцтің (1910–1975) туғанына 109 жыл толады. Оның радиоэфирдегі хабарлары адамдардың мұқалмас рухын қолдаудың нышанына айналды. Президенттік кітапхананың порталында Ольга Берггольцтің мына кітаптарының электрондық көшірмелері ұсынылған: 1944 жылы басылған «Ленинград» өлеңдер жинағы, 1945 жылы Георгий Макогоненкомен бірлесе жазған «Олар Ленинградта өмір сүрді» пьесасы, сондай-ақ басқа да материалдар.

https://www.prlib.ru/news/1183349

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАДА САНКТ-ПЕТЕРБУРГ ОҚУШЫЛАРЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Президенттік кітапханада Санкт-Петербург қаласы Выборг ауданының «Жастық» балалар шығармашылығы Үйі ұйымдастырған КLEVER дарынды балаларға арналған танымдық-ойын бағдарламаларының топтамасын қорытындылайтын «Таланттар мен табынушылар» атты қорытынды іс-шара өтті.

https://www.prlib.ru/news/1184511

 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАДА «ДАНЫШПАННЫҢ ЖҰМБАҒЫ: БІЗ ПУШКИНДІ БІЛЕМІЗ БЕ?»

АТТЫ БЕЙНЕДӘРІС ӨТТІ

2019 жылғы 24 мамырда Президенттік кітапхананың конференц залында Александр Сергеевич Пушкиннің туғанына 220 жыл толуына орай «Ресей туралы таным» бейнедәрісі және классикалық музыка концерті өтті.

Петербургтегі А.С.Пушкиннің Мемориалды музей-пәтерінің меңгерушісі, РФ еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, филология ғылымдарының докторы Галина Седова  «Данышпанның жұмбағы: Біз Пушкинді білеміз бе?» атты дәріс оқыды. Ол ақынның философиялық және діни көзқарастарына, оның мінезі мен дүниетанымын жасақтаған дәуірге бағытталған А.С.Пушкиннің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы көпжылғы зерттеулер нәтижелерін ұсынды.Пушкиннің көркем жаңалықтарын қазіргі заманға сай оқып шығуға ерекше назар аударылды.

https://www.prlib.ru/news/1269411

 

ЖЕР-АНАҒА ҒАРЫШТЫҚ МАХАББАТПЕН: АЛЕКСЕЙ ЛЕОНОВТЫҢ ӨМІРЛІК ҚАҒИДАСЫ

1934 жылғы 30 мамырда ашық ғарышқа шыққан алғашқы адам, екі дүркін Кеңестер Одағының Батыры Алексей Архипович Леонов дүниеге келді. Ол биыл 85-жылдық мерейтойын атап өтеді.

Алексей Леонов еңбектерінің сандық көшірмесі Президенттік кітапхананың қорында да сақтаулы.  

https://www.prlib.ru/news/1193848